Сандықтау ауданы әкімдігінің «Сандықтау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жанақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Сандықтау ауданы әкiмдiгiнiң «Сандықтау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жанақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының жобасы (бұдан әрi-жоба) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексі 365-бабы 4-тармағының 6) тармақшасы, «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 бұйрығына сәйкес әзiрлендi.
Жария талқылауларды өткізу мерзімдері 2025 жылғы 8 мамырдан 26 мамырға дейін
Жоба жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15525542