Қоғамдық көлікті (таксиден басқа) Сандықтау ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына жолақысын төлеу жөніндегі жеңілдік белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 13-бабына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Сандықтау ауданы азаматтарының келесі санаттарына тегін жолақы түрінде жеңілдік белгіленсін:
жасына байланысты зейнеткерлерге.
- Қаржыландыру көзі болып Сандықтау ауданының бюджеті анықталсын.
- Осы бірлескен Сандықтау ауданы әкімдігінің қаулысы және Сандықтау аудандық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.