қаулы

 

Сандықтау ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 қарашадағы № А-11/287 «Сандықтау ауданының бірыңғай сәулет келбетін беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Сандықтау ауданының бірыңғай сәулет келбетін беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Сандықтау ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 қарашадағы № А-11/287 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30614 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Сандықтау ауданының бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;

көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Сандықтау ауданының бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Сандықтау ауданының бірыңғай сәулет келбетін беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

Дата публикации
30 апреля 2025