Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Лесной ауылдық округінің әкімі болуға кандидатты тіркеу туралы хабарламасы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ақмола облысы Сандықтау ауданы Лесной ауылдық округінің әкімі болуға келесі кандидаттарды тіркеді:

Жүсіпов Алмас Асылханұлы, 1989 жылы туған, «Балкашин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Балкашино ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.

Тайженева Гүлсара Құрманғожақызы, 1974 жылы туған, «Балкашин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Балкашино ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.

 

Сандықтау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
18 апреля 2025