Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Васильев ауылдық округінің әкімі болуға кандидатты тіркеу туралы хабарламасы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ақмола облысы Сандықтау ауданы Васильев ауылдық округінің әкімі болуға келесі кандидаттар тіркеді:

Қойбағарова Әсия Жолдыбайқызы, 1992 жылы туған, «Ақсоран ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Балкашино ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.

Сейтжанов Арман Болатұлы, 1991 жылы туған, «Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» ММ бас бухгалтерінің орынбасары, Балкашино ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.

 

Сандықтау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
18 апреля 2025