Сандықтау ауданының Васильев және Лесной ауылдық округтері әкімдерінің кезекті сайлауы бойынша сайлау округтерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес, Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Сандықтау ауданы Васильев ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауы бойынша ауылдық округ шекараларында сайлау округі құрылсын.
  2. Сандықтау ауданы Лесной ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауы бойынша ауылдық округ шекараларында сайлау округі құрылсын.
  3. Сайлау округтерінің шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет бетінде және «Сандыктауский край» аудандық газетінде жариялансын.

 

 

Сандықтау аудандық

аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                К.Әуезхан

 

 

Сандықтау аудандық

аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                                               А.Тасмағамбетова                                                                                

 

 

 

Дата публикации
02 апреля 2025