2025 жылғы 16 наурызда екі сайлау округі бойынша Сандықтау ауданының Балкашин және Широков ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау өтті.
Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Сандықтау ауданы Балкашин ауылдық округі әкімі сайлауының нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:
Балкашин ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша Балкашин сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4503 азамат енгізілді, олардың 3062-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдердің саны - 94, «Бәріне қарсы» деген жолда белгі қойылғаны - 70.
Әрбір кандидатқа берілген дауыс саны:
Джахин Д.С. – 1981; Жұмағалиева Ж.К. – 572; Жүсіпова Ж.Н. – 345.
Балкашин ауылдық округінің әкімі болып Джахин Дулат Серекпайұлы сайланды, 1984 жылы туған, уақытша жұмыс істемейді, Ақмола облысы Көкшетау қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен.
Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Сандықтау ауданы Широков ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:
Широков ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша Широков сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 375 азамат енгізілді, олардың 270-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 0, «Бәріне қарсы» деген жолда белгі қойылғаны - 12.
Әрбір кандидатқа берілген дауыс саны:
Асқаров А.Б. – 207; Есләм Б.Б. – 31; Ибаева Я.М. – 20.
Широков ауылдық округінің әкімі болып Ақмола облысы Сандықтау ауданы Дорогинка ауылында тұратын, уақытша жұмыс істемейтін, 1971 жылы туған Арман Бапұлы Асқаров сайланды.
Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы