Сандықтау ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның 2019 жылға арналған бекітілген аудан әкімінің жұмыс жоспарын орындау бойынша

2019 жылғы 01 Шілдеде Сандықтау ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы аудан әкімі У. С. Үйсімбаевтың төрағалығымен, комиссия мүшелерінің, ауылдық округ әкімдерінің, ЖАО басшыларының, БАҚ өкілдерінің қатысуымен, келесі мәселелерді қараумен өткізілді:

1. Бизнестің дамуына кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді азайту.

2. Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы іс-шараларды өткізу.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігіне мониторингті жүзеге асыру.

4. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді есепке қою және одан бөлу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде қолданылатын шаралар туралы.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, комиссия отырысының қорытындысы бойынша жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар берілді.

 

Сандықтау ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның 2019 жылға арналған бекітілген аудан әкімінің жұмыс жоспарын орындау бойынша
Дата публикации
15 августа 2019