Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Балкашин ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ақмола облысы Сандықтау ауданы Балкашин ауылдық округінің әкімі болуға келесі кандидаттарды тіркеді:
Джахин Дулат Серекпайұлы, 1984 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Көкшетау қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
Жұмағалиева Жаңыл Қапарқызы, 1968 жылы туған, «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Приозерный ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
Жүсіпова Жадра Нұрланқызы, 1992 жылы туған, «Сандықтау ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Балкашино ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Широков ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ақмола облысы Сандықтау ауданы Широков ауылдық округінің әкімі болуға келесі кандидаттарды тіркеді:
Асқаров Арман Бапұлы, 1971 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Дорогинка ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
Есләм Берік Баянбайұлы, 1986 жылы туған, «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы, Балкашино ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
Ибаева Яха Масутовна, 1977 жылы туған, «Красная поляна ауылының негізгі мектебі» КММ директорының м.а., Красная поляна ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.