Мемлекеттік қызмет көрсету
саласындағы 2024 жылғы
қызмет жөніндегі есептерді
ашық талқылауды өткізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігінің 2025 жылғы 22 қаңтардағы «Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы 2024 жылғы қызмет жөніндегі есептерді ашық талқылауды өткізу туралы» № А-1/27 қаулысын орындау мақсатында, Сандықтау ауданының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) 2025 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде Сандықтау ауданының ресми интернет-ресурстарда және басқа бұқаралық ақпараттық құралдарында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 2024 жылғы қызмет туралы есепті орналастырсын;
2) 2025 жылғы 30 наурызға дейінгі мерзімде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы 2024 жылғы қызмет туралы есептерді ашық талқылауды өткізсін;
3) 2025 жылғы 8 сәуірге дейінгі мерзімде Сандықтау ауданының ресми интернет-ресурстарда және басқа бұқаралық ақпараттық құралдарында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 2024 жылғы қызмет туралы есептерді ашық талқылауды өткізудің нәтижелері бойынша қорытындыларды орналастырсын.
Сандықтау ауданының әкімі С.Құдабай