2025 жылғы 16 наурызға тағайындалған Сандықтау ауданының Балкашин және Широков ауылдық округтері әкімдерінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

2025 жылғы 5 ақпандағы

                                                                                             №1/16  қаулысымен

                                                                                             бекітілген

 

 

2025 жылғы 16 наурызға тағайындалған

Сандықтау ауданының Балкашин және Широков ауылдық округтері әкімдерінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі

негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

 

1. Әкімдерінің (бұдан әрі - әкімдер) кезектен тыс сайлауын тағайындау.

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Әкімдердің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер құрылған күннен бастап бір ай ішінде - 2025 жылғы 5 ақпан

                                                                      (113-1-б.,1-т. 3-т.(2-т)                                              

2. Тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау округінің тізімін олардың шекараларын және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей-

- 2025 жылғы 15 ақпаннан кешіктірмей

                                                                                   (22-б.2-т.)

3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей-

- 2025 жылғы 15 ақпаннан кешіктірмей

                                                                                   (13-б.4-т.)

4. Бұқаралық ақпарат құралдарында учаскелік сайлау комиссиясының құрамдарын жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

- 2025 жылғы 20 ақпаннан кешіктірмей

                                                        (17-б.2-т.)

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудан әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күн ішінде

- 2025 жылғы 20 ақпаннан кешіктірмей

                                                                                              (23-б.5-т.)

 

 

6. Әкім болуға кандидаттарды ұсыну

 

Белгiленген тәртiппен өз мүшелерiнiң арасынан тiркелген саяси партиялар, азаматтар аумақтық сайлау комиссиясына әкiмдiкке кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiш беру жолымен өзiн-өзi ұсыну тәртiбiмен, сондай-ақ, егер ұсыну мерзiмi аяқталатын күнге екеуден кем кандидат ұсынылса, жоғары тұрған әкiм

Егер сайлау тағайындау кезiнде өзгеше белгiленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейiнгi күннен басталады және сайлау өткiзiлетiн күнге жиырма бес күн қалғанда жергiлiктi уақыт бойынша он сегiз сағатта аяқталады.

2025 жылғы 6 ақпаннан басталып, 2024 жылғы 18 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

      ( 113-3-б.)

7. Әкім болуға кандитардар сайлану үшін осы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, (бұдан әрі-Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және  мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

 

Аудандық сайлау комиссиясы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп

                                                                        (113-2, 4 б.)

8. Әкімге кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Әкім болуға кандидаттың талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап                                                (31-бап, 14-бап 8-1т.)

9. Әкімге кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен қолдау үшін қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Кандидат Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күн мерзімде

                                                            (113-4 бап)

10. Әкімге кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып аудандық сайлау комиссиясы

Қол қою парақтарын тиісті аумақтық сайлау комиссиясына тапсырғаннан кейін үш күн мерзімде.

                                                                           (113-4-б. 8-т., 9-т.)

 

11. Жергілікті атқарушы органдардың шотына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу (2025 жылғы 1 қаңтарға ұсынылған әрбір кандидат үшін 85000 теңге).

 

Әкімге, саяси партияларға кандидаттар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

                                                                        (113-5-б. 2-т.)

12. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және нысанда тұрғылықты жері бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну (2025 жылғы 1 ақпанға).

 

Кандидат және оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

                        (113-5-б. 3-т.)

13. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кірістер органы

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

                                                                          (113-5-б. 3-т.)

14. Әкімге кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күніне жиырма күн қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

2025 жылғы 6 ақпаннан басталып, 2025 жылғы 23 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00 аяқталады

                                                                                   (113-5 бап)

15. Әкімге кандидаттарды тіркеу туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейінгі бесінші күннен кешіктірмей

                                                                             (113-5-б. 9-т.)

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау және оларды жарақтандыру

 

Жергілікті атқарушы орган, аудандық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

2025 жылғы 22 ақпанға дейін

                                                                           (28-б. 6-т.)

 

17. Сайлау алдындағы үгіт жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады

2025 жылғы 23 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2025 жылғы 15 наурызда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

                                                                             (27-б. 2-т.)

18. Әкімге кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірілген адамдарының сайлаушылармен бөлінген үй-жайларда кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергілікті атқарушы орган және аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгіт жүргізу кезеңінде

                                                                                             (28-б. 4-т.)

19. Акт бойынша сайлау комиссиясына сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылар тізімін ұсыну

 

Аудан әкімі

Дауыс беру басталғанға дейін жиырма күн бұрын

2025 жылғы 23 ақпанға дейін

                                                                                          (24-б. 5-т.)

20. Сайлау учаскесі бойынша сайлаушылар тізімін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда

2025 жылғы 28 ақпаннан бастап

                                                                                         (26-б. 1-т.)

21. Дауыс беру күні, уақыты және орны туралы сайлаушыларды хабардар ету

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беру өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірмей

2025 жылғы 5 наурызға дейін

                                                                       (18-б. (5-т.), 38-б. 2-т.)

22. Учаскелік сайлау комиссиясының дауыс беруі үшін сайлау бюллетеньдерін жеткізу

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кемінде үш күн бұрын және бір күннен кешіктірмей

2025 жылғы 13 наурыздан ерте емес және 15 наурыздан кешіктірмей

                                                                                            (37-б. 3-т.)

23. Дауыс беру үшін сайлау учаскесін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын

 2025 жылғы 16 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат                              06.00-де

                                                                                           (40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Сайлау күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін

                                                               (38-б. 1-т.)

 

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкімді сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады

                                                                             (18-б.(8-т.т.), 43-б.)

26. Сайлау учаскесінің үй-жайында жалпыға бірдей танысу үшін арнайы белгіленген жерде дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін іліп қою

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

                                                                      (43-б. 8-т.)

27. Сайлау учаскесінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы аудандық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

                                                       (113-8 б. 1-т.)

28. Әкімді сайлау қорытындыларын белгілеу

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2025 жылғы 19 наурыздан кешіктірмей

                                                                           (113-10-б. 1-т.)

29. Бұқаралық ақпарат құралдарында әкімді сайлау қорытындылары туралы хабарламаны жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2025 жылғы 22 наурыздан кешіктірмей

                                (44-бап, 4-т, (3-т.)

30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімнен жеті күн мерзімде Конституцияға және сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесіне сәйкес келмейтін міндеттерді өзінен қосу туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін.

2025 жылғы 22 наурыздан кешіктірмей

                                              (45-бап, 46-б. 3-т., 113-11-б. 1-т.)

 

 

 

Сандықтау аудандық

аумақтық сайлау комиссиясының

төрағасы                                                                                          К.Әуезхан

Дата публикации
06 февраля 2025