Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Ақмола облысы Сандықтау ауданы Веселов және Широков ауылдық округтерінің сайланған әкімдерін тіркеу туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, Ақмола облысы Сандықтау ауданының  Веселов және Широков ауылдық округтерінің 2024 жылғы «15» қыркүйекте өткен сайлау комиссияларының қорытындылары туралы хаттамаларының негізінде Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақмола облысы Сандықтау ауданы Байдалы ауылында тұратын «Веселов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, 1982 жылы туған Қосмұратова Дина Мейранбекқызын Ақмола облысы Сандықтау ауданы Веселов ауылдық округінің әкімі етіп тіркесін.
  2.  Ақмола облысы Сандықтау ауданы Балкашино ауылында тұратын «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы, 1981 жылы туған Жұманов Руслан Дәулетбекұлын Ақмола облысы Сандықтау ауданы Широков ауылдық округінің әкімі етіп тіркесін.
  3.  Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сайланған әкімдердің тіркелгені туралы хабарлама жариялансын.
  4. Тиісті куәлік берілсін.

 

Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

2024 жылғы 16 қыркүйек

Дата публикации
16 сентября 2024