2024 жылғы 15 қыркүйекте екі сайлау округі бойынша Сандықтау ауданы Веселов және Широков ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.
Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Сандықтау ауданы Веселов және Широков ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:
Веселов ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Веселов сайлау округі.
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 522 азамат енгізілді, олардың 410-ы дауыс берді Жарамсыз бюллетеньдер саны 4, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар 4.
Әр кандидатқа берілген дауыстар саны:
А.Н.Ким 37 Д.М.Қосмұратова 335 Ю.И. Тыртычная 30
1982 жылы туған Қосмұратова Дина Мейранбекқызы Веселов ауылдық округінің әкімі болып сайланды, «Веселов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, Веселов ауылдық округінің Байдалы ауылында тұрады, өзін өзі ұсынған
Широков ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Широков сайлау округі.
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 395 азамат енгізілді, олардың 244-і дауыс берді Жарамсыз бюллетеньдер саны 9 «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар - 6.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
А.Б.Асқаров 92 Р.Д.Жұманов 121 Е.Н. Котенко 16
Широков ауылдық округінің әкімі болып Жұманов Руслан Дәулетбекұлы сайланды, 1981 жылы туған, «Широков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, Балкашин ауылдық округінің, Балкашино ауылында тұрады, өзін өзі ұсынған
Сандықтау аудандық сайлау комиссиясы