2023-2025 жылдарға Сандықтау ауданының арналған азаматтық бюджет

2023-2025 жылдарға Сандықтау ауданының арналған азаматтық бюджет

 

 

1-параграф. Бюджеттік процесінің қысқаша сипаттамасы

  • Заңнамалық база

 

           2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджетті қалыптастыру Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 590 Жарлығымен бекітілген жаңа бюджеттік саясат тұжырымдамасында айқындалған тәсілдерге негізделді.

          Аудандық бюджет шығыстардың Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын ескере отырып, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне сәйкес қалыптастырылды.

Осы Бюджет кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

    1) бюджет - мемлекеттің өз міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры;

        2) бюджет жүйесi – бюджеттердiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттiк процестер мен қатынастардың жиынтығы;

       3) бюджет қаражаты – мемлекеттiк меншiкке түсуі және жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiң ақшасы мен өзге де активтерi;

       4) бюджет қаражатын алушылар – бюджет қаражатын бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi арқылы алатын және оны бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;

       5) бюджет процесi – мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген, бюджеттi жоспарлау, қарау, бекiту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есептілікті, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу, мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау, бюджеттiк мониторинг және нәтижелердi бағалау жөнiндегi қызметi;

       6) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;

      7)  бюджеттік қатынастар - бюджет процесінде туындайтын қатынастар;

      8) бюджеттік операциялар - бюджетті атқару процесінде жүзеге асырылатын операциялар;

     9) есепті қаржы жылы - жоспарлы кезеңнің ағымдағы қаржы жылының алдындағы жыл;

     10) жоспарлы кезең - ағымдағы қаржы жылынан кейінгі үш қаржы жылы;       

     11) кезекті қаржы жылы - ағымдағы қаржы жылынан кейінгі жыл;

     12) қаржы жылы - бюджеттің атқарылуы жүзеге асырылатын, күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталып 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңі;

     13) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган - тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында функцияларды жүзеге асыратын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;

      14) бекітілген бюджет - Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат бекіткен бюджет;

      15) нақтыланған бюджет - атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат қабылдаған өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, бекітілген бюджет;

        16) бюджет тапшылығы (профициті) кірістер мен шығындар, таза бюджеттік кредиттеу және қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо арасындағы айырмаға тең. Теріс белгісімен алынған шама - бюджет тапшылығы, оң белгімен алынғаны - бюджет профициті болып табылады;

          17) бюджет тапшылығын қаржыландыру қарыз алу және бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабу жолымен қамтамасыз етіледі.

        Бюджет процесінде республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар болып табылады.

        Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің және мәслихатының аппараттары, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі уәкілеттік берген атқарушы органдар аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып табылады.

       Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің аппараттары осы әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері болып табылады.

 

1.2.  Бюджет процессінің сызбасы

     1) әлеуметтік-экономикалық даму болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мен елдегі жағдай және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы ескеріле отырып, жылжымалы негiзде бес жылдық кезеңге арналып жыл сайын әзiрленедi:

     2) бюджеттік өтінім шығыстар көлемін негіздеу үшін кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жасайтын құжаттардың жиынтығы болып табылады;

     3) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы аумақты дамытудың тиісті бағдарламасында айқындалған мақсаттармен, нысаналы индикаторлармен не мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктермен өзара байланысты жергілікті бюджет шығыстарының бағытын айқындайды.

    4) тиісті қаржы жылы ішінде бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жергілікті бюджеттердің көрсеткіштерін өзгерту жергілікті бюджеттерді нақтылау болып табылады.

      Аудандық бюджетті оның атқарылуы барысында нақтылау осы Кодекске сәйкес тиісті жергілікті атқарушы органның және (немесе) мәслихат депутаттарының ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады. Аудандық бюджетті нақтылау жөніндегі ұсыныстарды тиісті бюджет комиссиясы қарайды.

      5) Секвестр бюджет қаражатының шығыстарын белгілі бір шектерде қысқартуды көздейтін арнайы тетікті білдіреді, ол республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару кезінде бекітілген түсімдер республикалық және жергілікті бюджеттерге толық түспеуі салдарынан бекітілген бюджеттік бағдарламаларды толық көлемде қаржыландыру мүмкін болмаған жағдайларда енгізіледі.

     6) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жергілікті атқарушы органдардың қаулылары, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің шешімдері және өзге де нормативтік құқықтық актілері негізінде түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, кезекті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы бекітілген (нақтыланған) бюджеттің көрсеткіштерін өзгерту бюджетті түзету болып табылады.

     7) міндеттемелердің уақтылы қабылданбау, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдердің уақтылы жүргізілмеу себептерін анықтау, бюджет түсімдері мен шығыстарының атқарылу болжамдарын жасау мақсатында жүзеге асырылатын бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін тұрақты және жүйелі жинау, бақылап отыру және талдау бюджеттік мониторинг болып табылады.

     8) бухгалтерлік есепке алу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен және есепке алу саясатымен регламенттелген мемлекеттік мекемелердің операциялары туралы ақпаратты жинаудың, тіркеудің және жинақтаудың тәртіпке келтірілген жүйесін білдіреді;

     9) Қаржылық есептілік мемлекеттік мекеменің қаржылық жағдайы және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпаратты білдіреді;

     10) есепті қаржы жылындағы бюджеттің - ауданның бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей есепті қаржы жылындағы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен бірге әкімдікке, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

 

 

 

 

2-параграф.  Бюджетті жоспарлау, бекіту, нақтылау

      Қазақстан Республикасының «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңымен 2024 жылдың 1 қантардағы  орнатылды:

  • еңбек ақының ең төменгі мөлшер – 85 000 теңге;
  • мемлекеттік зейнет ақы төлемінің базалық мөлшері – 28 215 теңге;
  • зейнет ақының ең төмен мөлшері – 57 853 теңге:
  • жәрдем ақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеуге, сонымен бірге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айып пұл, салықтар және бақа төлемдер қабылдау үшін айлық есептік көрсеткіші – 3 692 теңге.
  • әлеуметтік төлемдердің базалық көлемдерін есептеу үшін күн көріс минимумының көлемі – 43 407 теңге.

 

  1. 2024-2026 жылдарға аудандық бюджеттің түсімдері мен шығындары

                         Түсімдер

      2024 жылы ауданның меншікті кірісі 1 013 549 мың теңгені, 2025 жылы –                                1 031 576 мың теңгені, 2026 жылы 1 050 481 мың теңгені құрайды.

     Жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттерді есепке ала отырып, 2024 жылда аудан бюджетіне түсімдер көлемі 3 123 572,8 мың теңге көлемінде жоспарланды, оның ішіндегі 726 451 мың теңге субвенцияларға және нысаналы трансферттерге –                            969 910 мың теңге.

мың теңге

 

Түсімдер

2024 жыл (жоспар)

2025 жыл (жоспар)

2026 жыл (жоспар)

Барлығы: кірістер

3 295 102,2

1 834 546

1 853 451

Салықтық түсімдер, оның ішінде:

993 160

1 008 220

1 026 958

Табыс салығы

217 591

213 791

213 791

Әлеуметтік салық

568 048

585 089

602 642

Мулікке салынатын салықтар

79 368

79 148

79 148

Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар

110 745

111 565

111 446

Заңдық маңызы бар әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер

17 408

18 627

19 931

Салықтық емес түсімдер

18 275,6

15 309

15 376

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

2 113,4

8 047

8 147

Трансферттер түсімдері, оның ішінде:

2 281 553,2

802 970

802 970

Ағымдағы нысаналы трансферттер

   963 817,5

0,0

0,0

Дамуға  нысаналы трансферттер

591 284,7

0,0

0

Субвенция

726 451

802 970

802 970

Бюджеттік кредиттерді өтеу

 20 386,3

0

0

Қарыздар түсімі

23 998

0

0

         Жалпы сипаттағы (субвенциялар) трансферттердің көлемі – 2024 жылға 726 451 мың теңгені, 2025 жылға – 802 970 мың теңгені, 2026 жылға – 802 970 мың теңгені құрады.

 

 

Аудан бюджетінің шығындары

            2024-2026 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі  саясаты аудан экономикасының тиімді дамуын көтеру үшін жағдайлар жасаумен бірге мемлекетпен кепілденген міндеттерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау болып табылады. Сонымен бірге әлеуметтік сала дамуының негізгі шығысын қарастыратын  шығындардың әлеуметтік домнанты сақталғанын атап өту керек. Барлық бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлері толық көлемде қаржылай қаражатпен қамтылған (еңбекақыны, коммуналдық қызметтерді төлеу, әлеуметтік төлемдер ескерілген).       

            2024 жылға аудан бюджетінің шығын көлемінде жалпы сомасы 1 383 572,8 мың теңге болатын мақсатты нысаналы трансферттер көзделген, оның ішінде:

      960 770,8 мың теңге облыстық бюджеттен;

      422 802 мың теңге республикалық бюджеттен.

  Аудан бюджетінің шығындар 3 207 632,4 мың теңге сомасында қарастырылған.

 

2024-2026 жылдарға  бектілген бюджет құрады                                                                                                                  

                                                                                                                мың теңге

Функционалдық топтар бойынша

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

Барлығы

3 388 944

1 834 546

1 853 451

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

688 233,5

359 670

356 646

Қорғаныс

28 033,2

10 679

10 679

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

3 320

628

628

Әлеуметтік көмек және элеуметтік қамсыздандыру

240 823,1

122 737

122 737

Тұрғын үй-қоммуналдық шаруашылық

383 901,6

26 612

60 161

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

589 780,5

581 178

581 178

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

86 251,3

60 384

60 384

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

62 137,5

35 149

35 149

Көлік және комуникация

409 059,3

4 895

4 895

Басқалар

404 061,2

21 100

21 870

Борышқа қызмет көрсету

28 407

49 607

29 607

Трансферттер

464 935,8

561 907

569 517

Бюджеттік кредиттер

23 998

0

0

Бюджеттік кредиттерді өтеу

20 386,3

0

0

        

 

          Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

          Аудандық бюджеттің шығындары саласында мемлекеттік қызмет көрсету және ұстауға бағытталған жергілікті атқарушы органдардың (аудан әкімінің аппараты, аудандық мәслихат, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары, экономика және қаржы бөлімі, ТҮКШ бөлімі, кәсіпкерлік бөлімі).       

  «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер»  саласына шығындар 2024-2026 жылдарға  құрады                                                                                                                                                                       

                                                                                                                                 мың теңге

Атауы

2024 жыл

 

2025 жыл

 

2026 жыл

 

Барлығы

688 233,5

359 670

356 646

Мәслихатының аппараты

42 582,4

42 075

42 075

Аудан әкімінің аппараты

202 137,3

194 950

194 950

Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

361 401,2

37 305

37 305

Ауданның экономика және қаржы бөлімі

82 112,6

85 340

82 316

2024 жылға арналған осы салаға арналған шығындар көлеміне облыстық бюджеттен 281 530 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер енгізілді, оның ішінде:

Сандықтау ауылындағы кентішілік жолдарды орташа жөндеуге 151 752,5 мың теңге;

«Сандықтау-Су» ШЖҚ МКК материалдық - техникалық базасын нығайтуға 125 465,5 мың теңге.

Сондай-ақ, осы салаға 2024 жылға республикалық бюджеттен 4 312 мың теңге сомасында, азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын арттыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер енгізілді.

 

           Қорғаныс        

         Аталған функционалдық топ бойынша шағындар әскери есепке қою мақсатымен әскер қатарына шақыру участкелерінде есепке алуға, әскер қатарына шақыру жасындағы боз балаларды есепке алуға бағытталған әскер қатарына шақыруды ұйымдастыру және жүргізу бойынша шараларды өткізуге.

      «Қорғаныс»  саласына шығындар 2024-2026 жылдарға  құрады

                                                                                                                    мың теңге

Атауы

2024 жыл

 

2025 жыл

 

2026

жыл

 

Барлығы

28 033,2

10 679

10 679

Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар  

7 413,2

8 441

8 441

Аудан  ауқымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою

20 255,4

1 872

1 872

Аудандық (қалалық) ауқымдағы дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендерде өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шаралар

364,6

366

366

    Осы салаға 2024 жылға республикалық бюджеттен 5 мың теңге сомасында, азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын арттыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер енгізілді.

 

       Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметті  

      Аталған функционалдық топ бойынша шығындар жол белгілерін орнату және ауыстыру бойынша шараларға қарастырылды.

         Осы  салаға  шығындар 2024-2026 жылдарға  құрады:

                                                                                                                              мың теңге

Атауы

2023 жыл

 

2024 жыл

 

2025 жыл

 

Барлық

3 320,0

628,0

628,0

Елді мекендерде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету

3 320,0

628,0

628,0

 

      Әлеуметтік блок (әлеуметтік сала)

Әлеуметтік блокқа аудан бюджетінің шығындары өзіне 2 функционалдық топты қосады: әлеуметтік қамту, әлеуметтік көмек және мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеністік.

2024-2026 жылдарға арналған аудан бюджетінің негізгі шығыс бөлігі

әлеуметтік саланы дамытуға кетеді, демек бюджет әлеуметтік бағытталған.

       Әлеуметтік қөмеқ және элеуметтік қамсыздандыру

        Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек саласында басты бағыттарының бірі болып өмір сапасын жақсарту, мүмкіндігі шектеулі адамдар қоғамында ықпалдандыру үшін жағдайлар жасау және қолдау табылады. .

          Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін және басқа мұқтаждарды, халықтың әлсіз қорғанған қабатын материалды қолдау – әлеуметтік мемлекеттік саясаттың басты басымдылығы.

Толығымен осы салаға 2024-2026 жылдарға арналған аудан бюджетінде 225 685,9 мың теңге қарастырылған (2024 жылы – 225 685,9 мың теңге, 2025 жылы – 122 737 мың теңге, 2026 жылы – 122 737 мың теңге).

Әлеуметтік қөмек және элеуметтік қамсыздандыру саласына  шығындар 2024-2026 жылдарға  құрады:

                                                                                                                               мың теңге

Атауы

2024 жыл

 

2025

жыл

 

2026 жыл

 

Барлығы

240 823,1

122 737

122 737

Жергілікті деңгейде халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді   іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

39 423,4

41 363

41 363

Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринар мамандарына отын сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету

35 277

0

0

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтік көмек

27 147

4 547

4 547

Тұрғын үйге көмек көрсету

241

441

441

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек

61 890,4

29 060

29 060

Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету

598

605

605

Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу

375

375

375

Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету

3 905

3 815

3 815

Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмек, сурдотехникалық құралдар, тифлотехникалық құралдар, санаторий-курорттық емделу, мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, арнаулы жүрiп-тұру құралдары, жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектігі бар адамдарға қолмен көрсететiн тіл маманының қызметтері мен қамтамасыз ету

34 667,3

17 327

17 327

Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту

16 119

0

0

Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы  трансферттер

21 180

25 204

25 204

2024 жылға арналған осы салаға арналған шығындар көлеміне жоғары тұрған бюджеттен 123 576,4 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер енгізілді, оның ішінде:

                 Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 107 457,4 мың теңге:

1) Ауылдық жерде тұратын педагогтер үшін отын сатып алуға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге

35 277

2) Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге, оның ішінде:

8 032

Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығару күнін мерекелеуге Ауған соғысы ардагерлеріне біржолғы көмекке

6 277

Басқа мемлекеттердің аумағында жауынгерлік қимылдарының ардагерлеріне біржолғы әлеуметтік көмек төлеуге

     185

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан адамдарға біржолғы әлеуметтік көмек төлеуге

     277

басқа мемлекеттер аумағындағы жауынгерлік іс-қимыл ардагерлеріне санаторий-курорттық емделуге жұмсалған шығындарды өтеуге

     1 293

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге

    22 600

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыруға

    22 350

Су тасқыны салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы төлемдер бойынша шығындарды өтеуге

19 198,4

       

       16 119 мың теңге республикалық бюджеттің трансферттері есебінен:   

Қазақстан Республикасында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға, оның ішінде:

16 119

«Spina bifida» диагнозы бар мүгедек адамдарды бір рет қолдануға арналған майланған катетерлермен қамтамасыз етуге

5 788

мүгедектігі бар адамдарды міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға

9 505

санаторий-курорттық емдеуге

     826

Азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын арттыруға

      10

 

     

         Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік                        

         Мәдениет саласы қызметінің негізгі міндеттері барлық жас санаттағы аудан халқының рухани сұранысын қанағаттандыру болып табылады, өсіп келе жатқан ұрпақты эстетикалық және рухани тәрбиелеу, ауданның ұлттық дәстүрлерін және мәдениетін сақтау. 2024 жылы осы іс шараларға 581 178 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған.

          Толығымен,   мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік саласына 2024-2026 жылдарға арналған аудан бюджетінде 595 585 мың теңге қарастырылған (2024 жылы – 595 585 мың теңге, 2025 жыл – 581 178 мың теңге, 2026 жылы – 581 178 мың теңге).

          Осы салаға  шығындар 2024-2026 жылдарға  құрады:                                                                                                                                                         

                                                                                                                               мың теңге

Атауы

2024 жыл

 

2025 жыл

 

2026 жыл

 

Барлығы

589 780,5

581 178

581 178

Жергіліктті деңгейде ақпарат, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік сенімділігін қалыптастыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 

31 274,4

27 031

27 031

Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер

 

 

7 725

 

 

7 725

7 725

Жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру

8 025

5 908

5 908

Жергілікті деңгейде мәденит, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

25 832,5

27 631

27 631

Мәдени-демалыс жұмысын қолдау

333 756

344 217

344 217

Аудандық (қалалық) кітапханалардың жұмыс істеуі

67 207,1

59 425

59 425

Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту

12 021,3

9 688

9 688

Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту

57 807,6

63 973

63 973

Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткізу

2 574

2 574

2 574

Әртүрлі спорт түрлері бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы

18 513

20 113

20 113

Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін сақтауды және оларға қол жетімділікті қамтамасыз ету

13 375

12 893

12 893

Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары

11 372,6

0

0

 

Мәдениет объектілерін дамыту

297

0

0

     

     2024 жылға арналған осы салаға арналған шығындар көлеміне облыстық бюджеттен Спасск ауылдық мәдениет үйінің ғимаратын күрделі жөндеуге 2 305 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер енгізілді.

 

          Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында негізгі стратегиялық бағыттары болып сумен қамту және су бұру жүйелерінің дамуы, үздіксіз электр және жылумен қамту, тұрғын үй-коммуналдық шараушылықты модернизациялау және дамыту анықталды.

Аудан бюджеті қаражатының есебінен көше желілерін, жарықтандыру, жөнделген көшелерді  орналастыру, ауданда сумен қамту және су тарту жүйесінің  қызметі бойынша іс шаралар қарастырылған.

 Осы салаға  шығындар 2024-2026 жылдарға  құрады:

 

                                                                                                                    мың теңге

Атауы

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

Барлығы

238 795,7

26 612

60 161

Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау

8 550

0,0

0,0

Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту

204 444,7

2 973

2 973

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

595,0

595

595

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі жылу желілерін пайдалануды ұйымдастыру

14 516

23 044

56 593

Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту

10 000

0,0

0,0

Кондоминиум объектілеріне техникалық паспорттар дайындау

388

0

0

2024 жылға арналған осы салаға арналған шығындар көлеміне облыстық бюджеттен 319 444,7 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттері енгізілді, оның ішінде:

Каменка ауылында су құбыры желілерін салуға

67 834,1

Каменка ауылындағы су құбырының сорғы станцияларына Электрмен жабдықтаудың сыртқы желілерін салуға

68 578,9

Cу құбыры желілері мен ұңғымаларды қайта жаңартуға  Белгород селосында

28 031,7

Балкашино ауылындағы қазандықтарды, қазандық жабдықтарын және жылу желілерін ағымдағы жөндеуге

155 000

 

          Ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, жер қатынастары, қоршаған ортаны қорғау.  

          «Ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, жер қатынастары, қоршаған ортаны қорғау» саласына шығындар 2024-2026 жылдарға  құрады:                                                                                                                                                                                                                             

                                                                                                                             мың теңге

Атауы

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

Барлығы

86 251,3

 

60 384

60 384

Мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды іске асыру

15 146,5

15 215

15 215

Ауыл шаруашылығы объектілерін дамыту

26 840

0

0

Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығын,  жер қатынастарын реттеу және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 

44 264,8

45 169

45 169

     2024 жылға арналған осы салаға арналған шығындар көлеміне республикалық бюджеттен азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын арттыруға 6 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер енгізілді.

     Осы салаға 2024 жылға арналған шығындар көлеміне Балқашино ауылында мал қорымы құрылысына облыстық бюджеттен 26 840 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер енгізілген.

 

          Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі    

          «Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» саласына шығындар 2024-2026 жылдарға  құрады                                                                                                                                

     мың теңге

Атауы

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

Барлығы

62 137,5

35 149

35 149

Жергілікті деңгейде құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер  

40 718,8

35 149

35 149

Аудан аумағында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын, аудандық (облыстық) маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу

21 418,7

0

0

         2024 жылға арналған осы салаға арналған шығындар көлеміне Балкашино ауылындағы жер үсті және жерасты коммуникацияларын түгендеуге облыстық бюджеттен 21 418,7 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер енгізілді.

 

 

           Көлік және коммуникация

           Көлік және коммуникация саласындағы аудан бюджетінің шығындары аудандық маңызы бар және селолық елді мекендердін автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту бойынша іс шараларды қаржыландыруға бағытталатын болады. Істелген жұмыстар нәтижесінде  жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызды автомобиль жолдарының үлесі жақсаратын болады.

           Осы салаға  шығындар 2024-2026 жылдарға  құрады:

                                                                                                                    мың теңге

Атауы

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

Барлығы

409 059,3

4 895

4 895

Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

24 707

4 895

4 895

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу

384 352,3

0,0

0,0

 

 

                 Басқалар

      «Басқалар» саласына  шығындар 2024-2026 жылдарға  табылады:

                                                                                                                      мың теңге

Атауы

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

Барлығы

404 061,2

21 100

21 870

Ауданның жергілікті атқарушы органының резерві

4 061,2

21 100

21 870

"Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту

400 000

0

0

        

        Трансферттер

      2024-2026 жылдарға арналған осы сала бойынша шығындар                                                                                                                        

                                                                                                                                  мың теңге

Атауы

2024

 жыл

2025 жыл

2026 жыл

Барлығы

464 935,8

561 907

569 517

Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару

27,8

0

0

Субвенциялар

263 915

340 566

348 176

Заңнаманы өзгертуге байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге төменгі тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер

200 993

221 341

221 341

           

                     

2024-2026 жылдарға арналған жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер

                                                                                                                                мың теңге

Атауы

2024

жыл

2025

 жыл

2026

 жыл

Барлығы

2 281 553,2

802 970

802 970

Дамуға  нысаналы трансферттер

963 817,5

0

0

Ағымдағы нысаналы трансферттер

591 284,7

0

0

    Субвенциялар

726 451

802 970

802 970

    Бюджеттік кредиттер

23 998

0

0

 

2024 жылға арналған аудан бюджетінде қарастырылған іс шаралар  азаматтардың әлеуметтік қолдау деңгейін сақтағанда және ауданның одан әрі дамуына жағдай жасағанда, экономиканың және бюджет саласының тиімділігін жоғарлатқанда  барлық қолданыстағы міндеттемелерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

  1. Бюджет дефициті (профицит)

           Бюджеттің дефициті (профицит) сомасы – -97 453,5 мың теңге сома құрайды.

 

  1. Дефицитті қаржыландыру (бюджет профицитін қолдану)

          Дефицитті қаржыландыру (бюджет профицитін қолдану) – 97 453,5 мың теңгені құрайды.

 

        

 

Дата публикации
12 сентября 2024