ХАБАРЛАМА

Ақмола облысы Сандықтау ауданының әкімдігі 2024 жылғы 26 тамызға № 1,2,3,4,5,7 лоттар бойынша белгіленген 10 жыл мерзімге шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындысын шығару Сандықтау ауданы прокуратурасының ұсынуына және жер комиссиясы кворумының болмауына байланысты ауыстырылатынын хабарлайды.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу тоқтатылды. 2024 жылғы 26 тамыздағы № 1,2,3,4,5,7 лоттар бойынша келіп түскен барлық өтінімдер кейінірек қаралатын болады. Конкурстың қорытындысын шығару күні туралы барлық қатысушыларға қосымша хабарланатын болады.

Дата публикации
27 августа 2024