Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Веселов ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ақмола облысы Сандықтау ауданы Веселов ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарды тіркеді:
Ким Андрей Никанорович, 1970 жылы туған, «Сандықтау аудандық мәслихатының аппараты» ММ аппарат басшысы, Лесной ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.
Қосмұратова Дина Мейранбекқызы, 1982 жылы туған, «Веселов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Байдалы ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.
Тыртычная Юлия Ивановна, 1979 жылы туған, «Лесное ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Лесной ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Широков ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ақмола облысы Сандықтау ауданы Широков ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарды тіркеді:
Асқаров Арман Бапұлы, 1971 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Дорогинка ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
Жұманов Руслан Дәулетбекұлы, 1981 жылы туған, «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы, Балкашино ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
Котенко Елена Николаевна, 1964 жылы туған, «Барақпай ауылдық округі әкімінің аппараты»» ММ бас маманы, Балкашино ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.