АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес «Сандыктауский край» газетінің редакциясы сайлау алдындағы жұмыс үшін ақпараттық хабарламаның баспа алаңын ұсынады.

Жариялау үшін келісім шарттары 2024 жылғы 26 тамыздан бастап жасалады.

2024 жылғы 13 қыркүйек үгіт насихат материалдарын жариялаудың соңғы күні.

Газет редакциясы үгіт материалдарын жариялаудың кезегін олардың редакцияға келіп түсуімен байланыстырады.

Үгіт материалдарын газет бетінде орналастыруды газет редакциясы өзі айқындайды. Үгіт материалдары «Сандыктауский край» газетінде «Сайлау-2024» айдарымен жарияланады.

Әкім болуға кандидаттарға баспа алаңын бергені үшін бір шаршы сантиметр үшін төлем мөлшері 150 (бір жүз елу) теңгені құрайды.

Ұсынылған сайлау материалдары үшін төлем мөлшері 150 (бір жүз елу) теңгені құрайды.

Дата публикации
18 августа 2024