Қабылданатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар

Сандықтау ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жүйелі сипатқа ие. Аудан әкімінің м.а. бекіткен 2019 жылға арналған Сандықтау ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың маусым айында жоспарға сәйкес мәселелерді және қабылданатын шаралардың тиімділігін қарай отырып, комиссия отырысы өткізілді.

"Сандықтау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің сайтында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл" бөлімі және "сыбайлас жемқорлыққа қарсы роликтер"бөлімі жұмыс істейді.

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мақсатында алдын алу шараларына ерекше назар аударылады:

1) жеке бизнестің құқықтары мен мүдделеріне қысым жасайтын нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға жол бермеу үшін кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестердің жұмысы ұйымдастырылды;

2) аудан әкімдігі мен әкімінің әділет органдарында тіркелген нормативтік құқықтық актілері Сандықтау ауданы әкімінің ақпараттық порталында орналастырылады, қолданыстағы заңнамаға тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі;

5) "Нұр Отан" ХДП аудандық филиалымен бірлесіп Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру жүргізілуде;

6) мемлекеттік қызметшілер кірістерінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары өздерінің кірістері мен мүлкі туралы декларацияны жергілікті БАҚ-та жариялайды; ;

7) құрылысы аяқталған объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссияның құрамына азаматтық қоғам субъектісі — "Нұр Отан" Халықтық-Демократиялық партиясының Сандықтау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ловягина Л. А. енгізілді.;

8) мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Сандықтау ауданының бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізуі электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалған тәртіппен мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жүзеге асырылады.

Аудан әкімінің блогы жұмыс істейтін аудан әкімдігінің веб-порталы өзіндік диалог алаңына айналды. Сандықтау ауданы әкімінің ақпараттық порталында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі және тәртібі туралы ақпарат орналастырылған (үнемі жаңартылып отырады).

Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімі аппаратында персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) құрылды. Бұл қызмет мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын, ҚР заңнамасын сақтауын бақылау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған қызметкерлердің материалдарын тәртіптік комиссияда қарау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді. Жас қызметкерлермен жұмыс істеу үшін тәлімгерлер институты енгізілді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан өтеді.

Сондай-ақ, Сандықтау ауданы әкімінің сайтында Әдеп жөніндегі уәкіл туралы Байланыс деректері мен электрондық поштасы бар ақпарат орналастырылған.

Дербес бөлімдермен және ауылдық округ әкімдерінің аппараттарымен тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шаралар, қызметкерлермен құқықтық жаппай оқыту, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына күнделікті мониторинг жүргізіледі. Сандықтау ауданының 14 ауылдық округтерінде және 12 дербес бөлімдерінде "сенім телефоны" жұмыс істейді, азаматтардың өтініштеріне арналған жәшіктер орнатылған, азаматтарды қабылдау кестесі бекітілген. Азаматтардың өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша жүгінуі үшін мерзімді түрде, тоқсанына бір рет бұқаралық ақпарат құралдарында сенім телефондарының нөмірлерінің хабарлары жарияланады.

Ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету, тұрақты бақылауда.

Қабылданатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
Дата публикации
24 сентября 2020