Жамбыл және Максимов ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау қорытындылары туралы Сандықтау аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

2024 жылғы 21 шілдеде екі сайлау округі бойынша Сандықтау ауданы Жамбыл және Максимов ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

 

Сандықтау аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Сандықтау ауданы Жамбыл және Максимов ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:  

Жамбыл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Жамбыл сайлау округі.

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 537 азамат енгізілді, олардың 378-і дауыс берді Жарамсыз бюллетеньдер саны 4, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар 12. Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Гуйван В. В. 283; Савиди Г.К. 23; Федченко И. В. 56. 1976 жылы туған Гуйван Владимир Владимирович Жамбыл ауылдық округінің әкімі болып сайланды, «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты ММ әкімі, Жамбыл ауылдық округінің Приозерное ауылында тұрады, AMANATпартиясымен ұсынылған

Максимов ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Максимов сайлау округі.

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1108 азамат енгізілді, олардың 919-ы дауыс берді Жарамсыз бюллетеньдер саны 6, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар 31 Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

 Атығаев Е. Б. –761; Есләм Б.Б. 59; Жүсіпов А. А. 51.

Максимов ауылдық округінің әкімі болып Ербол Бисенбайұлы Атығаев сайланды, 1990 жылы туған, «Максимовка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, Максимов ауылдық округінің Максимовка ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған

                                                       

 

                                                           Сандықтау аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
22 июля 2024