Сандықтау ауданының әкімдігі, қызметкерлердің салалық кәсіподақ бірлестіктері және кәсіпкерлер қауымдастығы арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған аудандық Келісім аясында қабылданған міндеттерді жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары

 

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік

және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі

аудандық коммиссияның

2024 жылғы 28 маусымдағы №6 хаттамасымен

БЕКІТІЛДІ

 

 

Сандықтау ауданының әкімдігі, қызметкерлердің салалық кәсіподақ бірлестіктері және

кәсіпкерлер қауымдастығы арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған

аудандық Келісім аясында қабылданған міндеттерді жүзеге асыру бойынша

іс-шаралар жоспары

 

 

 

№

р/р

Іс – шаралар атауы

Қорыту формасы

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

«Әлеуметтік әріптестік және диалог» бөлімі

Тараптар өзіне келесі міндеттемелерді қабылдады:

1

Әлеуметтік әріптестіктің тиімді қызметін қамтамасыз ету үшін жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің мүдделерін келісу бойынша әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық комиссияның рөлін күшейту.

ЖҚ және ӘБ бөлімінің ақпараты

Аудандық әкімдігі, салалық кісподақтар, кәсіпкерлер қауымдастығы, мүдделі мемлекеттік органдар         

 

Үнемі

2

Барлық меншік нысанындағы кәсіпорындарда, ұйымдарда және мекемелерде ұжымдық шарттар жасасу міндеттілігін мойындай отырып Сандықтау ауданында әлеуметтік әріптестік қағидаттарын қолдануды кеңейту.

ЖҚ және ӘБ бөлімінің ақпараты

Аудандық әкімдігі, салалық кісподақтар, кәсіпкерлер қауымдастығы, мүдделі мемлекеттік органдар         

 

Үнемі

3

Кәсіпорындары мен ұйымдарына әлеуметтік әріптестікті және ұжымдық шарттардың келісім міндеттемелерді іске асыруға жәрдемдесу.

ЖҚ және ӘБ бөлімінің ақпараты

Аудандық әкімдігі, салалық кісподақтар, кәсіпкерлер қауымдастығы, мүдделі мемлекеттік органдар         

 

Жарты жылда 1 рет

4

 Ұжымдық шарттар жасасу мониторингін өткізу.

ЖҚ және ӘБ бөлімінің ақпараты

Аудандық әкімдігі, салалық кісподақтар, кәсіпкерлер қауымдастығы, мүдделі мемлекеттік органдар         

 

Жарты жылда 1 рет

5

Басқарудың барлық деңгейдегі әлеуметтік әріптестік пен диалогты дамытуға бағытталған бірлескен іс-шараларды өткізуге Тараптардың қатысуы

ЖҚ және ӘБ бөлімінің ақпараты

Аудандық әкімдігі, салалық кісподақтар, кәсіпкерлер қауымдастығы,

Үнемі

6

 

 

Кәсіпорындарында, ұйымдар мен мекемелерінде ұжымдық шарттар жасасу бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету.

 

ЖҚ және ӘБ бөлімінің ақпараты

ЖҚ және ӘБ бөлімі, салалық кәсіподақтар, кәсіпкерлер қауымдастығы

 

Жарты жылда 1 рет

«Бағдарламалық және стратегиялық құжаттар» бөлімі

Тараптар өзіне келесі міндеттемелерді қабылдады:

7

Кәсіпкерлік ахуалды жақсартуға бағытталған экономика салаларындағы негізгі реформаларды іске асыру.

ЖҚ және ӘБ бөлімінің ақпараты

Аудандық әкімдігі, салалық кісподақтар, кәсіпкерлер қауымдастығы, мүдделі мемлекеттік органдар         

 

Үнемі

8

Әлеуметтік-еңбек және олармен байланысты өзге де қатынастарды қозғайтын өңірдің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын іске асырудың реттеуші және нақты әсерін, тиімділігін дайындауға, сараптама жүргізуге, орындауға және бағалауға жұмыс берушілер мен кәсіподақтар өкілдерінің қатысуына жәрдемдесу.

Тараптар әлеуметтік аудандық комиссияның қарауына өз ұсыныстарын шығара отырып, Сандықтау ауданының  әлеуметтік-экономикалық дамуының бағдарламалық және стратегиялық жоспарларын/құжаттарын әзірлеуге қатысуға уағдаласты.

Тараптар сондай-ақ Сандықтау ауданының  әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының іске асырылуын талдауға қатысатын болады, қажет болған жағдайда тиісті құжаттарды (өңірдің жұмыспен қамтылуын және халқының табысын қалпына келтіруді, экономиканың өсуін және өңір экономикасындағы ұзақ мерзімді құрылымдық өзгерістерді, Сандықтау ауданының бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын, жергілікті атқарушы органдар қызметінің негізгі бағыттарын, жергілікті атқарушы органдар қызметінің жоспарлары және басқа да құжаттар) нақтылау жөнінде ұсыныстар береді.

ЖҚ және ӘБ бөлімінің ақпараты

Аудандық әкімдігі, кәсіпкерлер палатасының филиалы ( келісім бойынша), салалық кәсіподақтар, мүдделі мемлекеттік органдар

Қажеттілігі бойынша

9

Стратегиялық  жоспарлау  құжаттарын ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді және ұзақ мерзімді болжамының негізгі параметрлерін қарау.

ЖҚ және ӘБ бөлімінің ақпараты

 

Аудандық әкімдігі, мүдделі мемлекеттік органдар

 

Жыл сайын

10

Әкімдік күштерімен мүгедектігі бар адамдардың  өмір сүру сапасын жақсарту, олардың әлеуметтік қолдауын күшейту және олардың қоғамға кірігуі үшін жағдай жасау бойынша пәрменді шараларды іске асыруға жәрдемдесу.

ЖҚ және ӘБ бөлімінің ақпараты

Аудандық әкімдігі, салалық кәсіподақтар, кәсіпкерлер қауымдастығы, мүдделі мемлекеттік органдар

Жарты жылда 1 рет

«Өңірдегі еңбек нарығы және халықты жұмыспен қамту» бөлімі

Тараптар өзіне келесі міндеттемелерді қабылдады:

11

Сапалы жұмыс орындарына жағдай жасау және жұмыссыздар үшін жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту, инклюзивті еңбек нарығын қалыптастыру.

Жұмыс берушілер бос жұмыс орындары болған кезде ақпараттық деректер банкін құру үшін мансап орталығына  кадрлар  қажеттілік туралы деректерді ұсынуға міндеттенеді.

ЖҚ және ӘБ бөлімінің ақпараты

Аудандық әкімдігі, салалық кәсіподақтар, кәсіпкерлер қауымдастығы, мүдделі мемлекеттік органдар

Үнемі

12

Мамандықтар бөлінісінде экономикасының кадрларға жыл сайынғы болжамды қажеттілігін айқындау; кәсіптік бағдарлау жүйесін дамыту; өндірісішілік оқытуды дамыту, тәлімгерлік институтын дамыту және танымал ету.

ЖҚ және ӘБ бөлімінің ақпараты

МО,

Салалық кәсіподақтар, кәсіпкерлер қауымдастығы

Жыл сайын

13

Еңбек ұтқырлығы мен көші-қонын ынталандыру, еңбек қатынастарын ресімдеу және стандартты емес жұмыспен қамтудың барлық түрлерінде әлеуметтік кепілдіктерді кеңейту; жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту жағдайларын болдырмау, еңбек жағдайларын сақтамау фактілеріне, бірдей біліктілік кезінде тең еңбек үшін еңбекақы төлеудегі диспропорцияларға жол бермеу.

ЖҚ және ӘБ бөлімінің ақпараты

МО,

ауылдық округтердің әкімдіктері, кәсіпкерлер палатының филиалы (келісім бойынша), салалық кәсіподақтар, кәсіпкерлер қауымдастығы, мүдделі мемлекеттік органдар

 

Жарты жылда 1 рет

14

Бұқаралық ақпарат құралдары мен заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ақпараттық пиар-компаниялар арқылы жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру, оның ішінде «Еңбек Жолы» республикалық конкурсын өткізу.

 

ЖҚ және ӘБ бөлімінің ақпараты

Ауылдық округтердің әкімдіктері, кәсіпкерлер палатының филиалы (келісім бойынша), салалық кәсіподақтар, кәсіпкерлер қауымдастығы, мүдделі мемлекеттік органдар

 

Жыл сайын

15

Еңбек шарттарын электрондық форматқа ауыстыруға жәрдемдесу.

ЖҚ және ӘБ бөлімінің ақпараты

Ауылдық округтерінің әкімдіктері, ЖҚ және ӘБ бөлімі

 

Жарты жылда 1 рет

16

Қаржы-экономикалық және өзге де дағдарыстардың салдарымен байланысты төтенше жағдайларды қоспағанда, қызметкерлерді жаппай босатуға жол бермеу (қызметкерлердің жалпы санының 10% - дан астамы).

ЖҚ және ӘБ бөлімінің ақпараты

МО, ауылдық округтерінің әкімдіктері, кәсіпкерлар палатының филиалы ( келісім бойынша), салалық кәсіподақтар, кәсіпкерлер қауымдастығы

 

Ай сайын

17

Барлық деңгейдегі оқу орындарының (ЖОО, колледждер) студенттердің өндірістік практикадан өтуі туралы шарттар жасасу ұсынымдары туралы.

ЖҚ және ӘБ бөлімінің ақпараты

Ауылдық округтерінің әкімдіктері, салалық кәсіподақтар, кәсіпкерлер қауымдастығы, мүдделі мемлекеттік органдар

 

Жыл сайын

18

Жастар арасында жұмыссыздықты төмендетуге, оның ішінде «Жастар практикасы» бағдарламасы шеңберінде шағын және орта бизнес құрылымдарында уақытша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

ЖҚ және ӘБ бөлімінің ақпараты

МО,

Ауылдық округтерінің әкімдіктері

Ай сайын


 «Еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік» бөлімі

Тараптар өзіне келесі міндеттемелерді қабылдады:

19

.Әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы гендерлік проблемаларды шешуге жәрдемдесу, оның ішінде кәсіпорын басшыларын гендерлік саясат және кемсітушілікке қарсы шаралар мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде балалар еңбегінің ең нашар нысандарын жою.

ЖҚ және ӘБ бөлімінің ақпараты

Аудандық әкімдігі, салалық кәсіподақтар, кәсіпкерлер қауымдастығы, мүдделі мемлекеттік органдар

Жарты жылда 1 рет

20

Қауіпсіз еңбек мәселелері бойынша ақпараттық - түсіндіру және консультациялық жұмысты ұйымдастыру және өткізу.

ЖҚ және ӘБ бөлімінің ақпараты

Ауылдық округтердің әкімдіктері, кәсіпкерлер палатының филиалы (келісім бойынша), салалық кәсіподақтар, кәсіпкерлер қауымдастығы

Жарты жылда 1 рет

21

Бастапқы кезеңде жалақы бойынша берешекке жол бермеу, ал берешек бар кезінде жұмыс берушілердің берешекті төлеу кестелерін орындау және заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген әзірленген іс-шараларды орындау.

 

ЖҚ және ӘБ бөлімінің ақпараты

Ауылдық округтердің әкімдіктері, кәсіпкерлер палатының филиалы (келісім бойынша), салалық кәсіподақтар, кәсіпкерлер қауымдастығы

Ай сайын

22

Жұмыскерлердің ақшалай табыстарын сатып алу қабілетін қолдау мақсатында жұмыс беруші жыл сайын бірінші тоқсаннан кешіктірмей кәсіпорынның қаржылық жай-күйі мен бюджетінің мүмкіндіктерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы өткен жылы айқындаған инфляция деңгейінен төмен емес мөлшерде жалақыны индекстеуді жүргізеді.

ЖҚ және ӘБ бөлімінің ақпараты

Ауылдық округтердің әкімдіктері, кәсіпкерлер палатының филиалы (келісім бойынша), салалық кәсіподақтар, кәсіпкерлер қауымдастығы

Жыл сайын

23

 Ұжымдық шарттарда, келісімдерде, ұйымдардың жергілікті нормативтік актілерінде еңбекақы төлеу жүйесін белгілеу және Еңбекті нормалау жүйесін айқындау кезінде жұмыскерлер өкілдерінің пікірін ескеру міндетті.

ЖҚ және ӘБ бөлімінің ақпараты

Ауылдық округтердің әкімдіктері, кәсіпкерлер палатының филиалы (келісім бойынша), салалық кәсіподақтар, кәсіпкерлер қауымдастығы

Үнемі

24

Келісімдер мен ұжымдық шарттарды қайта жасасу (жасасу), оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде қызметкерлердің жалақы деңгейі, әлеуметтік жеңілдіктері мен кепілдіктері келісімдер мен ұжымдық шарттарды қайта жасасу (жасасу), оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу сәтіндегі қолданыстағылармен салыстырғанда төмендетілмейді.

ЖҚ және ӘБ бөлімінің ақпараты

Ауылдық округтердің әкімдіктері, кәсіпкерлер палатының филиалы (келісім бойынша), салалық кәсіподақтар, кәсіпкерлер қауымдастығы

Қажеттілігі бойынша

25

Өнеркәсіп кәсіпорындарында еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың функцияларын орындайтын қызметкерге ынталандыру және көтермелеу мақсатында ай сайын келісімде, ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің актісінде айқындалатын мөлшерде, бірақ қаржылық жай-күйінің мүмкіндіктері мен кәсіпорын бюджеті ескеріле отырып, республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына жыл сайын бекітілетін ең төменгі айлық жалақыдан кем емес мөлшерде қосымша төлем жүргізсін.

 

ЖҚ және ӘБ бөлімінің ақпараты

Кәсіпкерлер палатының филиалы (келісім бойынша), салалық кәсіодақтар, кәсіпкерлер қауымдастығы

Жыл сайын

26

Нормативтік құқықтық актілердің белгіленген талаптарына, сондай-ақ салалық келісімдерге, ұжымдық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген тәртіппен қызметкерлер үшін құрылған еңбек жағдайларының жай-күйін, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті бақылаушы мемлекеттік органдармен бірлесіп тексеруді жүзеге асыру.

 

ЖҚ және ӘБ бөлімінің ақпараты

ЕИБ,

кәсіпкерлер палатының филиалы (келісім бойынша), салалық кәсіодақтар, кәсіпкерлер қауымдастығы

Жыл сайын

«Әлеуметтік-еңбек даулары, қақтығыстар мен ереуілдер» бөлімі

Тараптар өзіне келесі міндеттемелерді қабылдады:

27

Еңбек даулары мен жанжалдарын шешуге, ұжымдық-шарттық реттеу практикасын дамыту және аудандық  комиссияның отырыстарында кәсіпорындардың проблемалық мәселелерін қарауға жәрдемдесу.

Комиссия

Аудандық әкімдігі, салалық кәсіподақтар, кәсіпкерлер қауымдастығы

Қажеттілігі бойынша

28

Еңбек даулары мен жанжалдарын шешудің, әлеуметтік-еңбек саласындағы ұжымдық-шарттық реттеудің қолданыстағы тәртібін жетілдіру.

Ұсыныстар енгізу

Ауылдық округтердің әкімдіктері, кәсіпкерлер палатының филиалы (келісім бойынша), салалық кәсіподақтар, кәсіпкерлер қауымдастығы, мүдделі мемлекеттік органдар

 

Қажеттілігі бойынша

29

Жұмыскерлер, жұмыс берушілер үшін еңбек заңнамасының негіздерін түсіндіру, келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту және еңбек жанжалдарында, қауіпсіз еңбек мәселелері бойынша, оның ішінде жанжал туғызу ықтималдығы жоғары кәсіпорындар ұжымдарында консенсусқа қол жеткізу бойынша бірлескен семинарлар мен тренингтер өткізуге қолдау көрсету.

Семинарлар

Ауылдық округтердің әкімдіктері, кәсіпкерлер палатының филиалы (келісім бойынша), салалық кәсіподақтар, кәсіпкерлер қауымдастығы, мүдделі мемлекеттік органдар

 

Қажеттілігі бойынша

30

Жұмыс беруші ұйымның экономикалық дәрменсіздігі (банкроттығы) жағдайында қызметкерлердің материалдық құқықтарын қорғау жөніндегі шаралар туралы консультациялар өткізу.

Кеңестер

Ауылдық округтердің әкімдіктері, кәсіпкерлер палатының филиалы (келісім бойынша), салалық кәсіподақтар, кәсіпкерлер қауымдастығы, мүдделі мемлекеттік органдар

 

Қажеттілігі бойынша

31

Ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және шешу мәселелері жөніндегі Кеңесті  тепе-тең негізде қалыптастыру.

Кеңес ұйымдастыру

ЖҚ және ӘБ бөлімі

2024 жыл

32

Әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы гендерлік мәселелерді шешуге, сондай-ақ балалар еңбегінің ең нашар нысандарын жою үшін көмек көрсету.

Жиналыс, семинар

Ауылдық округтердің әкімдіктері, кәсіпкерлер палатының филиалы (келісім бойынша), салалық кәсіподақтар, кәсіпкерлер қауымдастығы, мүдделі мемлекеттік органдар

 

2024-2026 жылдары ағымында

33

Еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғау мониторингі жүйесін дамыту бойынша, оның ішінде аудандық  комиссия отырыстарында өңірдегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың, өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік сырқаттанушылықтың жай-күйі туралы ақпаратты қарау.

Аудандық комиссияға ақпарат

Кәсіпкерлер палатының филиалы (келісім бойынша), салалық кәсіподақтар, кәсіпкерлер қауымдастығы, мүдделі мемлекеттік органдар

 

Қажеттілігі бойынша

34

Әлеуметтік әріптестік тараптары өкілдерінің жанжалды жағдайдың туындау ықтималдығы жоғары кәсіпорындар ұжымдарымен ай сайынғы жұмыс кездесулерін өткізу.

 Аудандық комиссияға ақпарат

Ауылдық округтердің әкімдіктері, кәсіпкерлер палатының филиалы (келісім бойынша), салалық кәсіподақтар, кәсіпкерлер қауымдастығы, мүдделі мемлекеттік органдар

 

Қажеттілігі бойынша

«Келісімді жүзеге асыру және оның орындалуын бақылау» бөлімі

35

1) Келісімді жүзеге  асыру бойынша іс-шаралар Жоспарының жобасын әзірлеу.

Іс-шаралар жоспарының жобасы

Аудандық әкімдігі, салалық кәсіподақтар, кәсіпкерлер қауымдастығы, мүдделі мемлекеттік органдар

2024 жылдың ағымында

2) Әлеуметтік әріптестігінің Тараптарымен іс-шаралар Жоспарының жобасын келісу

Хаттар жолдау

ЖҚ және ӘБ бөлімі

2024 жылдың ағымында

3) Іс-шаралар жоспарын бекіту  

Іс-шаралар жопары

ЖҚ және ӘБ бөлімі

Аудандық комиссияның отырысында

           

Аббревиатураларды шешу:

  1. ЖҚ және ӘБҮБ - Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
  2. ЕИБ – Еңбек инспекциясы бойынша басқармасы
  3. ЖҚ және ӘББ – Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
  4. МО – Мансап орталығы
Дата публикации
01 июля 2024