Ақмола облысы Сандықтау ауданының әкімдігі 2024 жылғы 29 мамырға № 1 лот бойынша тағайындалған 10 жыл мерзімге шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындыларын шығару жер комиссиясының Кворумының болмауына байланысты ауыстырылатынын хабарлайды.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу тоқтатылды. 2024 жылғы 29 мамырдағы № 1 лот бойынша келіп түскен барлық өтінімдер қорытындылау кезінде кейінірек қаралатын болады. Конкурстың қорытындысын шығару күні туралы барлық қатысушыларға қосымша хабарланатын болады.