2024 жылғы 5 мамырда бір сайлау округі бойынша Сандықтау ауданы Ақсораң ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сандықтау аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Сандықтау ауданының Ақсораң ауылдық округінің әкімі сайлауының қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:
Ақсораң ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша Ақсораң сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 694 азамат енгізілді, олардың 526-сы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 14, «Бәріне қарсы» деген жолда - 38.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Дерягина Н.А. – 24; Ивахин А.Т. – 50; Маркус В.А. – 24, Уткова Е.Н.-376.
Ақсораң ауылдық округінің әкімі болып Уткова Елена Николаевна сайланды, 1975 жылы туған, «Ақсораң ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Ақсораң ауылдық округінің Новоникольское ауылында тұрады, «AMANAT» партиясымен ұсынылған.
Сандықтау аудандық сайлау комиссиясы