«Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8/6 «Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Сандықтау аудандық мәслихатының шешімімен жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы Сандықтау аудандық мәслихатының шешімімен жобасы (бұдан әрi-жоба) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес әзiрлендi.
Жария талқылауларды өткізу мерзімдері 2024 жылғы 9 сәуірден 23 сәуірге дейін
Жоба жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15009839