«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ақмола облысы Сандықтау ауданы Ақсораң ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарды тіркеді:
Дерягина Наталья Александравна, 1980 жылы туған, «Сандықтау ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ, сектор меңгерушісі, Балкашино ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
Маркус Владислав Александрович, 1986 жылы туған, «Максимвока ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Максимовка ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
Ивахин Ағыбай Төреханұлы, 1966 жылы туған, «Зеренді Астық» ЖШС бригадирі, Айдабол ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
Уткова Елена Николаевна, 1975 жылы туған, «Ақсораң ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Новоникольское ауылында тұрады, «AMANAT» партиясымен ұсынылған.