Сандықтау ауданы Ақсоран ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

Сандықтау ауданы Ақсоран ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына,   21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес, Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Сандықтау ауданы Ақсораң ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауы бойынша Ақсораң ауылдық округінің шекарасында сайлау округі құрылсын.
  2. Сайлау округінің шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және «Сандықтауский край» аудандық газетінде жариялансын.

 

 

Сандықтау аудандық

аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                К.Әуезхан

 

 

Сандықтау аудандық

аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                                               А.Тасмағамбетова                                                                                

Дата публикации
27 марта 2024