Сандықтау ауданы Ақсораң ауылдық округі әкімінің
кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-1-бабының 3-тармағына сәйкес, Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Сандықтау ауданы Ақсораң ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауы 2024 жылғы 5 мамырға тағайындалсын.
- 2024 жылғы 5 мамырға тағайындалған өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан Ақмола облысы Сандықтау ауданы Ақсоран ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Сандыктауский край» газетінде жариялансын.
Сандықтау аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы К.Әуезхан
Сандықтау аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы А.Тасмағамбетова