Сандықтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 тіркелген) сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихат ШЕШІМ КАБЫЛДАДЫ:
- Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Сандықтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі белгіленсін.
- Күші жойылды деп танылсын:
Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының «Сандықтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2022 жылғы 20 сәуірдегі №16/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27797 тіркелген);
Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының «Сандықтау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 16/3 «Сандықтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 5/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8626-03 тіркелген).
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
шешіміне қосымша
Сандықтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің
мөлшері мен тәртібі
1 тарау. Жалпы ережелер
- 1. Тұрғын үй көмегі Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз баспана ретінде меншік құқығындағы баспанада тұрақты түрде тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) (әрі қарай –қызмет алушылар), сондай-ақ жеке тұрғын қорынан жергілікті атқарушы органмен жалға алынған баспананы және мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспананы жалға алушыларға (қосалқы жалға алушыларға) жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінен жасалады, келесі төлемдер үшін:
кондоминиум объектіні басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлігін ұстау, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлігін күрделі жөндеуге арналған шығындар;
телекоммуникациялар желілеріне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді көтеру шеңберінде байланыс қызметтері мен коммуналдық қызметтерін тұтыну үшін;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспанамен және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органмен жалға алынған баспанамен пайдалану үшін шығындар.
Тұрғын үй көмегін санауға жататын қызмет алушылардың шығындары жоғары көрсетілген әр бағыт бойынша шығындардың сомасы болып анықталады.
- Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектіні басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлігін ұстау, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлігін күрделі жөндеуге арналған, телекоммуникациялар желілеріне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді көтеру шеңберінде байланыс қызметтері мен коммуналдық қызметтерін тұтыну үшін, мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспанамен және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органмен жалға алынған баспанамен пайдалану үшін шығындар төлемдерінің сомасы мен осы мақсаттарға жергілікті өкілді органдармен белгіленген қызмет алушылар шығындардың рұқсат етілген шекті деңгейі арасындағы айырмашылығы ретінде, 10 пайыздан артық емес, анықталады.
- Тұрғын үй көмегі қызмет алушыларға кондоминиум объектіні басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлігін ұстау, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлігін күрделі жөндеуге арналған шығындар сметасына және коммуналдық қызметтерге төлеу үшін шоттарға сәйкес ай сайынғы жарналар туралы жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша бюджеттік қаражаттар есебінен жасалады.
- Тұрғын үй көмегінің белгілеуі «Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекесімен (әрі қарай –қызмет көрсетуші) жүзеге асырылады.
2 тарау. Тұрғын үй көмегінің мөлшері
- Қызмет алушының жиынтық табысы Қазақстан Республикасы индустрия және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №33763 тіркелген) (әрі қарай –Ережелер) сәйкес уәкілеттіорганмен тұрғын үй көмегін белгілеу үшін жүгінген тоқсанның алдынғы тоқсанына саналады.
- Телекоммуникациялар желілеріне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің тарифін көтеру өтемақысы Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі №295/НҚ «Әлеуметтік қорғалған азаматтарға телекоммуникациялар қызметтерін көрсету үшін абонеттік төлемнің тарифтерін көтеру өтемақысының Ережелерін бекіту және мөлшерін анықтау туралы» бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №33200) тіркелген әлеуметтік қорғалған азаматтарға телекоммуникациялар желілеріне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің тарифін көтеру өтемақысының ережелеріне сәйкес жасалады.
- Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға пайдалы алаңның 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес мөлшерінде, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханада бөлмеден кем емес алаңның нормасы қабылданады.
- Бір адамға айында 80 (сексен) киловаттан артық емес электр энергиясының шығын нормасы белгіленсін.
- Жергілікті жылытуы бар жеке меншік баспаналарда тұратын қызмет алушылар үшін қатты отын сатып алу кезінде шығындарды өтеу бойынша отбасына жылыту маусымында бір рет көмірдің бес тоннадан артық емес катты отынның шығыны есептелсін. Көмірдің бағасын статистика органдардың мәліметтеріне сәйкес өткен тоқсанда басым болған орта бағасы қабылдансын.
3 тарау.Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
- Қызмет алушы мемлекеттік қызметті алу үшін Қызмет берушіге «электрондық үкімет» веб-портал немесе Мемлекеттік корпорация арқылы Ережелердің 1 қосымшасына сәйкес формасы бойынша тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтінішін жолдайды.
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету үшін негізгі талаптардың тізімі Ережелердің 2 қосымшасында қарастырылған.
Қызмет алушы (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды негізгі талаптар Тізімнің 8 тарауына сәйкес ұсынады.
Осы тараумен қарастырылмаған құжаттарды сұрауға рұқсат етілмейді.Олардың жеке меншік құқығындағы баспананың болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді (Қазақстан Республикасы бойынша) қызмет беруші ақпараттық жүйелер арқылы алады.
Қызметалушы (немесенотариалдыкуәландырылғансенімхатбойыншаоныңөкілі) қайта өтініш бергенде осы типтік Ережелердің 11 тарауымен қарастырылғанды қоспағанда өтініш бергеннің алдында өткен тоқсанда тек коммуналдық шығындар үшін шоттар мен отбасының табыстары туралы растайтын құжаттарды ұсынады.
Мемлекеттік корпорацияның немесе «электрондық үкімет» веб-портал арқылы құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешімді қабылдау немесе бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі құжаттардың толық жинағын қабылдаған күннен сегіз жұмыс күнін құрайды.
- Тұрғын үй көмегін тағайындауы аудан бюджетінде тиісті қаржы жылына қарастырылған қаражаттар шеңберінде іске асырылады.
4 тарау. Тұрғын үй көмегін төлеу
- Қызмет алушыға тұрғын үй көмегі уәкілетті органмен екінші деңгейдегі банктер арқылы төленеді.
Қызмет берушіге жоғары бағаланған немесе заңсыз тұрғын үй көмегін тағайындауға әкеп соқтырған сенімсіз мәліметтерді ұсынған кезде қызмет алушы заңсыз алған соманы өз еркімен, ал бас тартқан жағдайда сот арқылы қайтарады.