2023-2025 жылдарға Сандықтау ауданының арналған азаматтық бюджет
1-параграф. Бюджеттік процесінің қысқаша сипаттамасы
2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджетті қалыптастыру Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 590 Жарлығымен бекітілген жаңа бюджеттік саясат тұжырымдамасында айқындалған тәсілдерге негізделді.
Аудандық бюджет шығыстардың Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын ескере отырып, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне сәйкес қалыптастырылды.
Осы Бюджет кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) бюджет - мемлекеттің өз міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры;
2) бюджет жүйесi – бюджеттердiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттiк процестер мен қатынастардың жиынтығы;
3) бюджет қаражаты – мемлекеттiк меншiкке түсуі және жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiң ақшасы мен өзге де активтерi;
4) бюджет қаражатын алушылар – бюджет қаражатын бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi арқылы алатын және оны бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;
5) бюджет процесi – мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген, бюджеттi жоспарлау, қарау, бекiту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есептілікті, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу, мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау, бюджеттiк мониторинг және нәтижелердi бағалау жөнiндегi қызметi;
6) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;
7) бюджеттік қатынастар - бюджет процесінде туындайтын қатынастар;
8) бюджеттік операциялар - бюджетті атқару процесінде жүзеге асырылатын операциялар;
9) есепті қаржы жылы - жоспарлы кезеңнің ағымдағы қаржы жылының алдындағы жыл;
10) жоспарлы кезең - ағымдағы қаржы жылынан кейінгі үш қаржы жылы;
11) кезекті қаржы жылы - ағымдағы қаржы жылынан кейінгі жыл;
12) қаржы жылы - бюджеттің атқарылуы жүзеге асырылатын, күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталып 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңі;
13) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган - тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында функцияларды жүзеге асыратын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
14) бекітілген бюджет - Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат бекіткен бюджет;
15) нақтыланған бюджет - атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат қабылдаған өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, бекітілген бюджет;
16) бюджет тапшылығы (профициті) кірістер мен шығындар, таза бюджеттік кредиттеу және қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо арасындағы айырмаға тең. Теріс белгісімен алынған шама - бюджет тапшылығы, оң белгімен алынғаны - бюджет профициті болып табылады;
17) бюджет тапшылығын қаржыландыру қарыз алу және бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабу жолымен қамтамасыз етіледі.
Бюджет процесінде республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар болып табылады.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің және мәслихатының аппараттары, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі уәкілеттік берген атқарушы органдар аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып табылады.
Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің аппараттары осы әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері болып табылады.
1.2. Бюджет процессінің сызбасы
1) әлеуметтік-экономикалық даму болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мен елдегі жағдай және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы ескеріле отырып, жылжымалы негiзде бес жылдық кезеңге арналып жыл сайын әзiрленедi:
2) бюджеттік өтінім шығыстар көлемін негіздеу үшін кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жасайтын құжаттардың жиынтығы болып табылады;
3) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы аумақты дамытудың тиісті бағдарламасында айқындалған мақсаттармен, нысаналы индикаторлармен не мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктермен өзара байланысты жергілікті бюджет шығыстарының бағытын айқындайды.
4) тиісті қаржы жылы ішінде бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жергілікті бюджеттердің көрсеткіштерін өзгерту жергілікті бюджеттерді нақтылау болып табылады.
Аудандық бюджетті оның атқарылуы барысында нақтылау осы Кодекске сәйкес тиісті жергілікті атқарушы органның және (немесе) мәслихат депутаттарының ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады. Аудандық бюджетті нақтылау жөніндегі ұсыныстарды тиісті бюджет комиссиясы қарайды.
5) Секвестр бюджет қаражатының шығыстарын белгілі бір шектерде қысқартуды көздейтін арнайы тетікті білдіреді, ол республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару кезінде бекітілген түсімдер республикалық және жергілікті бюджеттерге толық түспеуі салдарынан бекітілген бюджеттік бағдарламаларды толық көлемде қаржыландыру мүмкін болмаған жағдайларда енгізіледі.
6) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жергілікті атқарушы органдардың қаулылары, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің шешімдері және өзге де нормативтік құқықтық актілері негізінде түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, кезекті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы бекітілген (нақтыланған) бюджеттің көрсеткіштерін өзгерту бюджетті түзету болып табылады.
7) міндеттемелердің уақтылы қабылданбау, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдердің уақтылы жүргізілмеу себептерін анықтау, бюджет түсімдері мен шығыстарының атқарылу болжамдарын жасау мақсатында жүзеге асырылатын бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін тұрақты және жүйелі жинау, бақылап отыру және талдау бюджеттік мониторинг болып табылады.
8) бухгалтерлік есепке алу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен және есепке алу саясатымен регламенттелген мемлекеттік мекемелердің операциялары туралы ақпаратты жинаудың, тіркеудің және жинақтаудың тәртіпке келтірілген жүйесін білдіреді;
9) Қаржылық есептілік мемлекеттік мекеменің қаржылық жағдайы және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпаратты білдіреді;
10) есепті қаржы жылындағы бюджеттің - ауданның бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей есепті қаржы жылындағы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен бірге әкімдікке, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
2-параграф. Бюджетті жоспарлау, бекіту, нақтылау
Қазақстан Республикасының «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңымен 2024 жылдың 1 қантардағы орнатылды:
Түсімдер
2024 жылы ауданның меншікті кірісі 1 013 549 мың теңгені, 2025 жылы – 1 031 576 мың теңгені, 2026 жылы 1 050 481 мың теңгені құрайды.
Жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттерді есепке ала отырып, 2024 жылда аудан бюджетіне түсімдер көлемі 2 709 910 мың теңге көлемінде жоспарланды, оның ішіндегі 726 451 мың теңге субвенцияларға және нысаналы трансферттерге – 969 910 мың теңге.
мың теңге
|
Түсімдер |
2024 жыл (жоспар) |
2025 жыл (жоспар) |
2026 жыл (жоспар) |
|
Барлығы: кірістер |
2 709 910 |
1 834 546 |
1 853 451 |
|
Салықтық түсімдер, оның ішінде: |
989 140 |
1 008 220 |
1 026 958 |
|
Табыс салығы |
213 791 |
213 791 |
213 791 |
|
Әлеуметтік салық |
568 048 |
585 089 |
602 642 |
|
Мулікке салынатын салықтар |
79 148 |
79 148 |
79 148 |
|
Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар |
110 745 |
111 565 |
111 446 |
|
Заңдық маңызы бар әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер |
17 408 |
18 627 |
19 931 |
|
Салықтық емес түсімдер |
16 462 |
15 309 |
15 376 |
|
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер |
7 947 |
8 047 |
8 147 |
|
Трансферттер түсімдері, оның ішінде: |
1 696 361 |
802 970 |
802 970 |
|
Ағымдағы нысаналы трансферттер |
413 497 |
0,0 |
0,0 |
|
Дамуға нысаналы трансферттер |
556 413 |
0,0 |
0 |
|
Субвенция |
726 451 |
802 970 |
802 970 |
|
Бюджеттік кредиттерді өтеу |
19 696 |
0 |
0 |
|
Қарыздар түсімі |
23 998 |
0 |
0 |
Жалпы сипаттағы (субвенциялар) трансферттердің көлемі – 2024 жылға 726 451 мың теңгені, 2025 жылға – 802 970 мың теңгені, 2026 жылға – 802 970 мың теңгені құрады.
2024-2026 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі саясаты аудан экономикасының тиімді дамуын көтеру үшін жағдайлар жасаумен бірге мемлекетпен кепілденген міндеттерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау болып табылады. Сонымен бірге әлеуметтік сала дамуының негізгі шығысын қарастыратын шығындардың әлеуметтік домнанты сақталғанын атап өту керек. Барлық бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлері толық көлемде қаржылай қаражатпен қамтылған (еңбекақыны, коммуналдық қызметтерді төлеу, әлеуметтік төлемдер ескерілген).
2024 жылға аудан бюджетінің шығын көлемінде жалпы сомасы 969 910 мың теңге болатын мақсатты нысаналы трансферттер көзделген, оның ішінде:
547 108 мың теңге облыстық бюджеттен;
422 802 мың теңге республикалық бюджеттен.
Аудан бюджетінің шығындар 2 709 910 мың теңге сомасында қарастырылған.
2024-2026 жылдарға бектілген бюджет құрады
мың теңге
|
Функционалдық топтар бойынша |
2024 жыл |
2025 жыл |
2026 жыл |
|
Барлығы |
2 709 910 |
1 834 546 |
1 853 451 |
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер |
661 560 |
359 670 |
356 646 |
|
Қорғаныс |
19 997 |
10 679 |
10 679 |
|
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі |
2 032 |
628 |
628 |
|
Әлеуметтік көмек және элеуметтік қамсыздандыру |
236 479 |
122 737 |
122 737 |
|
Тұрғын үй-қоммуналдық шаруашылық |
196 879 |
26 612 |
60 161 |
|
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік |
557 990 |
581 178 |
581 178 |
|
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары |
59 346 |
60 384 |
60 384 |
|
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі |
53 746 |
35 149 |
35 149 |
|
Көлік және комуникация |
8 295 |
4 895 |
4 895 |
|
Басқалар |
420 271 |
21 100 |
21 870 |
|
Борышқа қызмет көрсету |
28 407 |
49 607 |
29 607 |
|
Трансферттер |
464 908 |
561 907 |
569 517 |
|
Бюджеттік кредиттер |
23 998 |
0 |
0 |
|
Бюджеттік кредиттерді өтеу |
19 696 |
0 |
0 |
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер
Аудандық бюджеттің шығындары саласында мемлекеттік қызмет көрсету және ұстауға бағытталған жергілікті атқарушы органдардың (аудан әкімінің аппараты, аудандық мәслихат, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары, экономика және қаржы бөлімі, ТҮКШ бөлімі, кәсіпкерлік бөлімі).
«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» саласына шығындар 2024-2026 жылдарға құрады
мың теңге
|
Атауы |
2024 жыл
|
2025 жыл
|
2026 жыл
|
|
Барлығы |
661 560 |
359 670 |
356 646 |
|
Мәслихатының аппараты |
41 856 |
42 075 |
42 075 |
|
Аудан әкімінің аппараты |
198 375 |
194 950 |
194 950 |
|
Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
336 266 |
37 305 |
37 305 |
|
Ауданның экономика және қаржы бөлімі |
85 063 |
85 340 |
82 316 |
2024 жылға арналған осы салаға арналған шығындар көлеміне облыстық бюджеттен 286 727 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер енгізілді, оның ішінде:
Сандықтау ауылындағы кентішілік жолдарды орташа жөндеуге 160 000 мың теңге;
«Сандықтау-Су» ШЖҚ МКК материалдық - техникалық базасын нығайтуға 126 727 мың теңге.
Сондай-ақ, осы салаға 2024 жылға республикалық бюджеттен 4 312 мың теңге сомасында, азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын арттыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер енгізілді.
Қорғаныс
Аталған функционалдық топ бойынша шағындар әскери есепке қою мақсатымен әскер қатарына шақыру участкелерінде есепке алуға, әскер қатарына шақыру жасындағы боз балаларды есепке алуға бағытталған әскер қатарына шақыруды ұйымдастыру және жүргізу бойынша шараларды өткізуге.
«Қорғаныс» саласына шығындар 2024-2026 жылдарға құрады
мың теңге
|
Атауы |
2024 жыл
|
2025 жыл
|
2026 жыл
|
|
Барлығы |
19 997 |
10 679 |
10 679 |
|
Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар |
7 430 |
8 441 |
8 441 |
|
Аудан ауқымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою |
12 201 |
1 872 |
1 872 |
|
Аудандық (қалалық) ауқымдағы дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендерде өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шаралар |
366 |
366 |
366 |
Осы салаға 2024 жылға республикалық бюджеттен 5 мың теңге сомасында, азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын арттыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер енгізілді.
Әлеуметтік блок (әлеуметтік сала)
Әлеуметтік блокқа аудан бюджетінің шығындары өзіне 2 функционалдық топты қосады: әлеуметтік қамту, әлеуметтік көмек және мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеністік.
2024-2026 жылдарға арналған аудан бюджетінің негізгі шығыс бөлігі
әлеуметтік саланы дамытуға кетеді, демек бюджет әлеуметтік бағытталған.
Әлеуметтік қөмеқ және элеуметтік қамсыздандыру
Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек саласында басты бағыттарының бірі болып өмір сапасын жақсарту, мүмкіндігі шектеулі адамдар қоғамында ықпалдандыру үшін жағдайлар жасау және қолдау табылады. .
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін және басқа мұқтаждарды, халықтың әлсіз қорғанған қабатын материалды қолдау – әлеуметтік мемлекеттік саясаттың басты басымдылығы.
Толығымен осы салаға 2024-2026 жылдарға арналған аудан бюджетінде 236 479 мың теңге қарастырылған (2024 жылы – 345 922 мың теңге, 2025 жылы – 122 737 мың теңге, 2026 жылы – 122 737 мың теңге).
Әлеуметтік қөмек және элеуметтік қамсыздандыру саласына шығындар 2024-2026 жылдарға құрады:
мың теңге
|
Атауы |
2024 жыл
|
2025 жыл
|
2026 жыл
|
|
Барлығы |
236 479 |
122 737 |
122 737 |
|
Жергілікті деңгейде халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер |
39 540 |
41 363 |
41 363 |
|
Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринар мамандарына отын сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету |
35 277 |
0 |
0 |
|
Мемлекеттiк атаулы әлеуметтік көмек |
27 147 |
4 547 |
4 547 |
|
Тұрғын үйге көмек көрсету |
441 |
441 |
441 |
|
Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек |
33 561 |
29 060 |
29 060 |
|
Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету |
598 |
605 |
605 |
|
Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу |
375 |
375 |
375 |
|
Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету |
3 905 |
3 815 |
3 815 |
|
Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмек, сурдотехникалық құралдар, тифлотехникалық құралдар, санаторий-курорттық емделу, мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, арнаулы жүрiп-тұру құралдары, жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектігі бар адамдарға қолмен көрсететiн тіл маманының қызметтері мен қамтамасыз ету |
39 677 |
17 327 |
17 327 |
|
Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту |
16 119 |
0 |
0 |
|
Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер |
39 839 |
25 204 |
25 204 |
2024 жылға арналған осы салаға арналған шығындар көлеміне жоғары тұрған бюджеттен 101 147 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер енгізілді, оның ішінде:
Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 85 028 мың теңге:
|
1) Ауылдық жерде тұратын педагогтер үшін отын сатып алуға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге |
35 277 |
|
2) Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге, оның ішінде: |
4 801 |
|
Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығару күнін мерекелеуге Ауған соғысы ардагерлеріне біржолғы көмекке |
3 046 |
|
Басқа мемлекеттердің аумағында жауынгерлік қимылдарының ардагерлеріне біржолғы әлеуметтік көмек төлеуге |
185 |
|
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан адамдарға біржолғы әлеуметтік көмек төлеуге |
277 |
|
басқа мемлекеттер аумағындағы жауынгерлік іс-қимыл ардагерлеріне санаторий-курорттық емделуге жұмсалған шығындарды өтеуге |
1 293 |
|
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге |
22 600 |
|
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыруға |
22 350 |
16 119 мың теңге республикалық бюджеттің трансферттері есебінен:
|
Қазақстан Республикасында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға, оның ішінде: |
16 119 |
|
«Spina bifida» диагнозы бар мүгедек адамдарды бір рет қолдануға арналған майланған катетерлермен қамтамасыз етуге |
5 788 |
|
мүгедектігі бар адамдарды міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға |
9 505 |
|
санаторий-курорттық емдеуге |
826 |
|
Азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын арттыруға |
10 |
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік
Мәдениет саласы қызметінің негізгі міндеттері барлық жас санаттағы аудан халқының рухани сұранысын қанағаттандыру болып табылады, өсіп келе жатқан ұрпақты эстетикалық және рухани тәрбиелеу, ауданның ұлттық дәстүрлерін және мәдениетін сақтау. 2024 жылы осы іс шараларға 581 178 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған.
Толығымен, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік саласына 2024-2026 жылдарға арналған аудан бюджетінде 557 990 мың теңге қарастырылған (2024 жылы – 557 990 мың теңге, 2025 жыл – 581 178 мың теңге, 2026 жылы – 581 178 мың теңге).
Осы салаға шығындар 2024-2026 жылдарға құрады:
мың теңге
|
Атауы |
2024 жыл
|
2025 жыл
|
2026 жыл
|
|
Барлығы |
557 900 |
581 178 |
581 178 |
|
Жергіліктті деңгейде ақпарат, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік сенімділігін қалыптастыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер |
28 547 |
27 031 |
27 031 |
|
Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер |
7 725
|
7 725 |
7 725 |
|
Жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру |
5 908 |
5 908 |
5 908 |
|
Жергілікті деңгейде мәденит, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер |
26 030 |
27 631 |
27 631 |
|
Мәдени-демалыс жұмысын қолдау |
333 027 |
344 217 |
344 217 |
|
Аудандық (қалалық) кітапханалардың жұмыс істеуі |
57 276 |
59 425 |
59 425 |
|
Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту |
9 649 |
9 688 |
9 688 |
|
Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту |
55 069 |
63 973 |
63 973 |
|
Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткізу |
2 574 |
2 574 |
2 574 |
|
Әртүрлі спорт түрлері бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы |
18 513 |
20 113 |
20 113 |
|
Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін сақтауды және оларға қол жетімділікті қамтамасыз ету |
13 375 |
12 893 |
12 893 |
|
Мәдениет объектілерін дамыту |
297 |
0 |
0 |
2024 жылға арналған осы салаға арналған шығындар көлеміне облыстық бюджеттен Спасск ауылдық мәдениет үйінің ғимаратын күрделі жөндеуге 2 305 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер енгізілді.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында негізгі стратегиялық бағыттары болып сумен қамту және су бұру жүйелерінің дамуы, үздіксіз электр және жылумен қамту, тұрғын үй-коммуналдық шараушылықты модернизациялау және дамыту анықталды.
Аудан бюджеті қаражатының есебінен көше желілерін, жарықтандыру, жөнделген көшелерді орналастыру, ауданда сумен қамту және су тарту жүйесінің қызметі бойынша іс шаралар қарастырылған.
Осы салаға шығындар 2024-2026 жылдарға құрады:
мың теңге
|
Атауы |
2024 жыл |
2025 жыл |
2026 жыл |
|
Барлығы |
196 879 |
26 612 |
60 161 |
|
Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау |
8 550 |
0,0 |
0,0 |
|
Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту |
156 413 |
2 973 |
2 973 |
|
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету |
595,0 |
595 |
595 |
|
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі жылу желілерін пайдалануды ұйымдастыру |
14 516 |
23 044 |
56 593 |
|
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту |
16 805 |
0,0 |
0,0 |
2024 жылға арналған осы салаға арналған шығындар көлеміне облыстық бюджеттен 156 413 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттері енгізілді, оның ішінде:
|
Каменка ауылында су құбыры желілерін салуға |
80 881 |
|
Каменка ауылындағы су құбырының сорғы станцияларына Электрмен жабдықтаудың сыртқы желілерін салуға |
75 532 |
Ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, жер қатынастары, қоршаған ортаны қорғау.
«Ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, жер қатынастары, қоршаған ортаны қорғау» саласына шығындар 2024-2026 жылдарға құрады:
мың теңге
|
Атауы |
2024 жыл |
2025 жыл |
2026 жыл |
|
Барлығы |
59 346 |
60 384 |
60 384 |
|
Мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды іске асыру |
15 215 |
15 215 |
15 215 |
|
Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығын, жер қатынастарын реттеу және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер |
44 131 |
45 169 |
45 169 |
2024 жылға арналған осы салаға арналған шығындар көлеміне республикалық бюджеттен азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын арттыруға 6 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер енгізілді.
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
«Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» саласына шығындар 2024-2026 жылдарға құрады
мың теңге
|
Атауы |
2024 жыл |
2025 жыл |
2026 жыл |
|
Барлығы |
53 746 |
35 149 |
35 149 |
|
Жергілікті деңгейде құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер |
34 806 |
35 149 |
35 149 |
|
Аудан аумағында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын, аудандық (облыстық) маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу |
18 940 |
0 |
0 |
2024 жылға арналған осы салаға арналған шығындар көлеміне Балкашино ауылындағы жер үсті және жерасты коммуникацияларын түгендеуге облыстық бюджеттен 18 940 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер енгізілді.
Көлік және коммуникация
Көлік және коммуникация саласындағы аудан бюджетінің шығындары аудандық маңызы бар және селолық елді мекендердін автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту бойынша іс шараларды қаржыландыруға бағытталатын болады. Істелген жұмыстар нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызды автомобиль жолдарының үлесі жақсаратын болады.
Осы салаға шығындар 2024-2026 жылдарға құрады:
мың теңге
|
Атауы |
2024 жыл |
2025 жыл |
2026 жыл |
|
Барлығы |
364 956 |
4 895 |
4 895 |
|
Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету |
5 295 |
4 895 |
4 895 |
|
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу |
3 000 |
0,0 |
0,0 |
Басқалар
«Басқалар» саласына шығындар 2024-2026 жылдарға табылады:
мың теңге
|
Атауы |
2024 жыл |
2025 жыл |
2026 жыл |
|
Барлығы |
420 271 |
21 100 |
21 870 |
|
Ауданның жергілікті атқарушы органының резерві |
20 271 |
21 100 |
21 870 |
|
"Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту |
400 000 |
0 |
0 |
Трансферттер
2024-2026 жылдарға арналған осы сала бойынша шығындар
мың теңге
|
Атауы |
2024 жыл |
2025 жыл |
2026 жыл |
|
Барлығы |
464 908 |
561 907 |
569 517 |
|
Субвенциялар |
263 915 |
340 566 |
348 176 |
|
Заңнаманы өзгертуге байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге төменгі тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер |
200 993 |
221 341 |
221 341 |
2024-2026 жылдарға арналған жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер
мың теңге
|
Атауы |
2024 жыл |
2025 жыл |
2026 жыл |
|
Барлығы |
1 696 361 |
802 970 |
802 970 |
|
Дамуға нысаналы трансферттер |
413 497 |
0 |
0 |
|
Ағымдағы нысаналы трансферттер |
556 413 |
0 |
0 |
|
Субвенциялар |
726 451 |
802 970 |
802 970 |
|
Бюджеттік кредиттер |
23 998 |
0 |
0 |
2024 жылға арналған аудан бюджетінде қарастырылған іс шаралар азаматтардың әлеуметтік қолдау деңгейін сақтағанда және ауданның одан әрі дамуына жағдай жасағанда, экономиканың және бюджет саласының тиімділігін жоғарлатқанда барлық қолданыстағы міндеттемелерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бюджеттің дефициті (профицит) сомасы – - 4 302 мың теңге сома құрайды.
Дефицитті қаржыландыру (бюджет профицитін қолдану) – 4 302 мың теңгені құрайды.