Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Ақмола облысы Сандықтау ауданы Белгород ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеуі туралы хабарламасы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес Ақмола облысы Сандықтау ауданы Белгород ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы «24» желтоқсанда өткен сайлауының қорытындылары туралы сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Ақмола облысы Сандықтау ауданы Балкашино ауылында тұратын «Белгород ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, 1982 жылы туған Жанғожин Бауырбек Нұрғожаүлы Ақмола облысы Сандықтау ауданы Белгород ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін.
  2. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сайланған әкімнің тіркелгені туралы хабарлама жариялансын.
  3. Сайланған әкімге тиісті куәлік берілсін.

 

Сандықтау аудандық сайлау комиссиясы

2023 жыл 26 желтоқсан

Дата публикации
26 декабря 2023