2023 жылғы 24 желтоқсанда бір сайлау округі бойынша Сандықтау ауданы Белгород ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сандықтау аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Сандықтау ауданының Белгород ауылдық округі әкімінің сайлауы нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Белгород ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша Белгород сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 469 азамат енгізілді, олардың 398-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 8, «Бәріне қарсы» деген жолда - 19.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
С.Байымбетова – 35; Б.Н.Жанғожин –306; А.А.Жүсіпов – 30.
Белгород ауылдық округінің әкімі болып Жанғожин Бауырбек Нұрғожаұлы сайланды, 1982 жылы туған, «Белгород ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, Балкашин ауылдық округінің Балкашино ауылында тұрады, «AMANAT» партиясымен ұсынылған.
Сандықтау аудандық сайлау комиссиясы