Сандықтау ауданының бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған Сандықтау ауданының бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары айқындалсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
қаулысымен бекітілген
Сандықтау ауданының бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу тәртібі мен шарттары
1 тарау. Жалпы ережелер
- Сандықтау ауданының бюджетінен қаржыландырылатын жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу осы тәртібі мен шарттары (бұдан әрі – Ұйымдар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының нормаларына сәйкес ұйымдардың қызметкерлерін лауазымдық қызыметтік міндеттерін тиісінше орындағаны үшін көтермелеу мақсатында әзірленді, сондай-ақ олардың функциялары мен міндеттерін уақтылы және сапалы орындауға материалдық қызығушылығын арттыруды қамтиды.
- Ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар тиісті жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен белгіленеді.
- Мемлекеттік басқару органы жарғыға сәйкес коммуналдық мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның уәкілетті органы болып табылатын тиісті саланың мемлекеттік мекемесі.
- Бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеуге арналған бюджет қаражаты мемлекеттік ұйымды қаржыландыру жоспарында (даму жоспарында) әрбір қаржы жылында көзделуге тиіс.
- Ынталандырушы үстемеақылар персоналды ынталандыру және білікті кадрлар құрамын сақтау мақсатында белгіленетін төлемдер болып табылады.
- Осы қаулыда көрсетілген бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар «Қазақстан Республикасы органдарының мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 мамырдағы №1127 қаулысында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген материалдық көмектің және ынталандырушы төлемдердің бұрыннан бар түрлеріне қосымша төлемдер болып табылады.
2 тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу тәртібі
- Мемлекеттік басқару органы ынталандырушы үстемеақылардың белгіленген мөлшерінің негізінде қосымша бюджет қаражатына қажеттілікті қалыптастырады және бюджеттік өтінімді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.
- Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес Сандықтау ауданының бюджетінен ынталандырушы үстемеақылар төлеуді жүзеге асыру үшін қажетті бюджет қаражатын көздейді және бюджет жобасын Сандықтау ауданының мәслихатына жібереді.
- Мемлекеттік мекеменің, коммуналдық мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның басшысы қызметкерлерге ынталандыру үстемелерін төлеу туралы бұйрық шығарады.
- Ынталандырушы үстемеақылар қызметкер сынақ мерзімінде болған кезеңде төленбейді.
- Тиісті лауазым санатының функциялары уақытша орындалған жағдайда ынталандырушы үстемеақылар төленбейді.
3-тарау. Ынталандырушы үстемеақыларды белгілеу шарттары
- Ынталандырушы үстемеақыларды белгілеу құқығын беретін қызметкер қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:
1) орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау;
2) белгілі бір кезеңдегі жұмыс нәтижелеріне қол жеткізу;
3) лауазымдық міндеттерді үлгілі және мінсіз орындау, аса маңызды және күрделі тапсырмаларды орындау және жұмыстағы басқа да жетістіктер;
4) ұйымның одан әрі қалыпты (үздіксіз) жұмысы шұғыл орындалуына байланысты болатын шұғыл және алдын ала күтпеген жұмыстарды орындау;
5) Егер уақытша болмаған жұмыскерді ауыстыру алмастырушы жұмыскердің лауазымдық міндеттеріне кірмейтін болса, қысқартылған және/немесе уақытша болмаған жұмыскерлердің функцияларын өзінің негізгі жұмысынан босатпай орындау;
6) оған міндеттердің кеңейтілген шеңберін, жоғары кәсіби деңгеймен және құзыреттілікпен ұштастырылған жұмыстағы жеткілікті тәжірибе (өтіл) мен дағдыларды, оларды практикада табысты қолданумен, сондай-ақ басқа да көрсеткіштерді жүктеу;
7) бұдан басқа, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтері бар құжаттармен жұмысты жүзеге асыратын қызметкерге лауазымдық жалақыға үстемеақы олардың орындалу көлеміне қарай, сондай-ақ оның кейбір құқықтарын шектегені және қосымша жауаптылығы үшін белгіленуі мүмкін;
8) үстемеақылар сондай-ақ объективті мән-жайларға байланысты қызметкерді төмен ақы төленетін лауазымға (неғұрлым жеңіл жұмысқа) ауыстыру (тағайындау) кезінде белгіленуі мүмкін: еңбекке жарамдылығын қалпына келтіргенге не мүгедектік белгіленгенге дейін осы органда еңбек міндеттерін атқаруға байланысты алынған Еңбек мертігуі, кәсіптік ауруы немесе денсаулығының өзге де зақымдануы.