2023-2025 жылдарға Сандықтау ауданының арналған азаматтық бюджет (бекітілген)

2023-2025 жылдарға Сандықтау ауданының арналған азаматтық бюджет

(бекітілген)

 

 

 

1-параграф. Бюджеттік процесінің қысқаша сипаттамасы

  • Заңнамалық база

 

           2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджетті қалыптастыру Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 590 Жарлығымен бекітілген жаңа бюджеттік саясат тұжырымдамасында айқындалған тәсілдерге негізделді.

          Аудандық бюджет шығыстардың Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын ескере отырып, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне сәйкес қалыптастырылды.

Осы Бюджет кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

    1) бюджет - мемлекеттің өз міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры;

        2) бюджет жүйесi – бюджеттердiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттiк процестер мен қатынастардың жиынтығы;

       3) бюджет қаражаты – мемлекеттiк меншiкке түсуі және жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiң ақшасы мен өзге де активтерi;

       4) бюджет қаражатын алушылар – бюджет қаражатын бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi арқылы алатын және оны бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;

       5) бюджет процесi – мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген, бюджеттi жоспарлау, қарау, бекiту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есептілікті, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу, мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау, бюджеттiк мониторинг және нәтижелердi бағалау жөнiндегi қызметi;

       6) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;

      7)  бюджеттік қатынастар - бюджет процесінде туындайтын қатынастар;

      8) бюджеттік операциялар - бюджетті атқару процесінде жүзеге асырылатын операциялар;

     9) есепті қаржы жылы - жоспарлы кезеңнің ағымдағы қаржы жылының алдындағы жыл;

     10) жоспарлы кезең - ағымдағы қаржы жылынан кейінгі үш қаржы жылы;       

     11) кезекті қаржы жылы - ағымдағы қаржы жылынан кейінгі жыл;

     12) қаржы жылы - бюджеттің атқарылуы жүзеге асырылатын, күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталып 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңі;

     13) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган - тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында функцияларды жүзеге асыратын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;

      14) бекітілген бюджет - Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат бекіткен бюджет;

      15) нақтыланған бюджет - атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат қабылдаған өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, бекітілген бюджет;

        16) бюджет тапшылығы (профициті) кірістер мен шығындар, таза бюджеттік кредиттеу және қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо арасындағы айырмаға тең. Теріс белгісімен алынған шама - бюджет тапшылығы, оң белгімен алынғаны - бюджет профициті болып табылады;

          17) бюджет тапшылығын қаржыландыру қарыз алу және бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабу жолымен қамтамасыз етіледі.

        Бюджет процесінде республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар болып табылады.

        Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің және мәслихатының аппараттары, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі уәкілеттік берген атқарушы органдар аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып табылады.

       Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің аппараттары осы әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері болып табылады.

 

1.2.  Бюджет процессінің сызбасы

     1) әлеуметтік-экономикалық даму болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мен елдегі жағдай және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы ескеріле отырып, жылжымалы негiзде бес жылдық кезеңге арналып жыл сайын әзiрленедi:

     2) бюджеттік өтінім шығыстар көлемін негіздеу үшін кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жасайтын құжаттардың жиынтығы болып табылады;

     3) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы аумақты дамытудың тиісті бағдарламасында айқындалған мақсаттармен, нысаналы индикаторлармен не мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктермен өзара байланысты жергілікті бюджет шығыстарының бағытын айқындайды.

    4) тиісті қаржы жылы ішінде бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жергілікті бюджеттердің көрсеткіштерін өзгерту жергілікті бюджеттерді нақтылау болып табылады.

      Аудандық бюджетті оның атқарылуы барысында нақтылау осы Кодекске сәйкес тиісті жергілікті атқарушы органның және (немесе) мәслихат депутаттарының ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады. Аудандық бюджетті нақтылау жөніндегі ұсыныстарды тиісті бюджет комиссиясы қарайды.

      5) Секвестр бюджет қаражатының шығыстарын белгілі бір шектерде қысқартуды көздейтін арнайы тетікті білдіреді, ол республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару кезінде бекітілген түсімдер республикалық және жергілікті бюджеттерге толық түспеуі салдарынан бекітілген бюджеттік бағдарламаларды толық көлемде қаржыландыру мүмкін болмаған жағдайларда енгізіледі.

     6) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жергілікті атқарушы органдардың қаулылары, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің шешімдері және өзге де нормативтік құқықтық актілері негізінде түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, кезекті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы бекітілген (нақтыланған) бюджеттің көрсеткіштерін өзгерту бюджетті түзету болып табылады.

     7) міндеттемелердің уақтылы қабылданбау, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдердің уақтылы жүргізілмеу себептерін анықтау, бюджет түсімдері мен шығыстарының атқарылу болжамдарын жасау мақсатында жүзеге асырылатын бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін тұрақты және жүйелі жинау, бақылап отыру және талдау бюджеттік мониторинг болып табылады.

     8) бухгалтерлік есепке алу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен және есепке алу саясатымен регламенттелген мемлекеттік мекемелердің операциялары туралы ақпаратты жинаудың, тіркеудің және жинақтаудың тәртіпке келтірілген жүйесін білдіреді;

     9) Қаржылық есептілік мемлекеттік мекеменің қаржылық жағдайы және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпаратты білдіреді;

     10) есепті қаржы жылындағы бюджеттің - ауданның бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей есепті қаржы жылындағы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен бірге әкімдікке, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

 

 

 

 

2-параграф.  Бюджетті жоспарлау, бекіту, нақтылау

      Қазақстан Республикасының «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңымен 2023 жылдың 1 қантардағы  орнатылды:

  • еңбек ақының ең төменгі мөлшер – 70 000 теңге;
  • мемлекеттік зейнет ақы төлемінің базалық мөлшері – 24 341 теңге;
  • зейнет ақының ең төмен мөлшері – 53 076 теңге:
  • жәрдем ақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеуге, сонымен бірге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айып пұл, салықтар және бақа төлемдер қабылдау үшін айлық есептік көрсеткіші – 3 450 теңге.
  • әлеуметтік төлемдердің базалық көлемдерін есептеу үшін күн көріс минимумының көлемі – 40 567 теңге.

 

  1. 2023-2025 жылдарға аудандық бюджеттің түсімдері мен шығындары

                         Түсімдер

      2023 жылы ауданның меншікті кірісі 907 551,6 мың теңгені, 2024 жылы –                                894 844 мың теңгені, 2025 жылы 956 964 мың теңгені құрайды.

     Жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттерді есепке ала отырып, 2023 жылда аудан бюджетіне түсімдер көлемі 3 789 497,5 мың теңге көлемінде жоспарланды, оның ішіндегі 644 713 мың теңге субвенцияларға және нысаналы трансферттерге –                            2 234 637,8 мың теңге.

мың теңге

 

Түсімдер

2023 жыл (жоспар)

2024 жыл (жоспар)

2025 жыл (жоспар)

Барлығы: кірістер

3 789 497,5

1 621 295

1 759 934

Салықтық түсімдер, оның ішінде:

884 760,6

874 449

936 531

Табыс салығы

218 487,6

213 661

228 312

Әлеуметтік салық

454 257

474 496

521 497

Мулікке салынатын салықтар

73 970

73 970

73 970

Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар

123 646

108 822

109 152

Заңдық маңызы бар әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер

14 400

3 500

3 600

Салықтық емес түсімдер

14 943,7

13 395

13 433

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

172 667,4

7 000

7 000

Трансферттер түсімдері, оның ішінде:

2 717 125,8

726 451

802 970

Ағымдағы нысаналы трансферттер

   1 349 988,4

0,0

0,0

Дамуға  нысаналы трансферттер

722 424,4

0,0

0

Субвенция

644 713

726 451

802 970

Бюджеттік кредиттерді өтеу

19 213

0

0

Қарыздар түсімі

31 050

0

0

         Жалпы сипаттағы (субвенциялар) трансферттердің көлемі – 2023 жылға 644 713 мың теңгені, 2024 жылға – 726 451 мың теңгені, 2025 жылға – 802 970 мың теңгені құрады.

 

 

Аудан бюджетінің шығындары

            2023-2025 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі  саясаты аудан экономикасының тиімді дамуын көтеру үшін жағдайлар жасаумен бірге мемлекетпен кепілденген міндеттерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау болып табылады. Сонымен бірге әлеуметтік сала дамуының негізгі шығысын қарастыратын  шығындардың әлеуметтік домнанты сақталғанын атап өту керек. Барлық бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлері толық көлемде қаржылай қаражатпен қамтылған (еңбекақыны, коммуналдық қызметтерді төлеу, әлеуметтік төлемдер ескерілген).       

            2023 жылға аудан бюджетінің шығын көлемінде жалпы сомасы 2 234 637,8 мың теңге болатын мақсатты нысаналы трансферттер көзделген, оның ішінде:

      1 630 756,8 мың теңге облыстық бюджеттен;

      603 881 мың теңге республикалық бюджеттен.

  Аудан бюджетінің шығындар 3 866 918,4 мың теңге сомасында қарастырылған.

 

2023-2025 жылдарға  бектілген бюджет құрады                                                                                                                  

                                                                                                                мың теңге

Функционалдық топтар бойынша

2023 жыл

2024жыл

2025 жыл

Барлығы

3 866 918,4

1 621 295

1 759 934

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

975 889

325 907

330 566

Қорғаныс

10 406,9

9 489

10 094

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

1 352,8

628

628

Әлеуметтік көмек және элеуметтік қамсыздандыру

272 308,5

280 045

280 816

Тұрғын үй-қоммуналдық шаруашылық

806 426,4

35 568

39 568

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

734 491,1

479 336

491 386

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

59 919,2

55 243

55 972

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

46 669,5

33 459

34 001

Көлік және комуникация

373 302,5

4 895

4 895

Басқалар

88 178,0

17 897

21 682

Борышқа қызмет көрсету

50 150,3

29 607

29 607

Трансферттер

447 824,2

349 221

460 719

Бюджеттік кредиттер

31 050

0

0

Бюджеттік кредиттерді өтеу

19 213

0

0

        

 

          Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

          Аудандық бюджеттің шығындары саласында мемлекеттік қызмет көрсету және ұстауға бағытталған жергілікті атқарушы органдардың (аудан әкімінің аппараты, аудандық мәслихат, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары, экономика және қаржы бөлімі, ТҮКШ бөлімі, кәсіпкерлік бөлімі).       

  «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер»  саласына шығындар 2023-2025 жылдарға  құрады                                                                                                                                                                       

                                                                                                                                 мың теңге

Атауы

2023 жыл

 

2024 жыл

 

2025 жыл

 

Барлығы

975 889

325 907

330 566

Мәслихатының аппараты

41 371,7

41 231

41 987

Аудан әкімінің аппараты

185 976,6

140620

143357

Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

632 833,4

23097

24264

Ауданның экономика және қаржы бөлімі

115 707,3

58363

82687

    2023 жылға арналған осы салаға арналған шығындар көлеміне облыстық бюджеттен 515 021,4 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер енгізілді, оның ішінде:

Сандықтау ауданы Лесное ауылының кентішілік жолдарын асфальтбетон жабындысымен орташа жөндеуге 59 202,1 мың теңге;

     Сандықтау ауданы Лесное ауылында көпфункционалды алаң орнатуға 19 619,1 мың теңге;

     Сандықтау ауданы Приозерное ауылында көпфункционалды алаң орнатуға 24 864,0 мың теңге;

      Сандықтау ауданы Балкашин ауылдық округінің Балкашино ауылында көпфункционалды алаң орнатуға 10 528,0 мың теңге;

     Сандықтау ауданы Балқаш ауылдық округінің Балкашино ауылының тротуарларын орташа жөндеуге 72 785,0 мың теңге;

    Сандықтау ауданы Петровка ауылының көше-жол желісін орташа жөндеуге 100 000,0 мың теңге;

    Сандықтау ауданы Балкашино ауылындағы Некрасов көшесіндегі жолдарды орташа жөндеуге 78 023,2 мың теңге;

    Сандықтау ауданы Балкашино ауылының тротуарларын орташа жөндеуге 50 000 мың теңге;

    Балкашино ауылының көше-жол желісін орташа жөндеуге 100 000,0 мың теңге.

 

 

 

           Қорғаныс        

            Аталған функционалдық топ бойынша шағындар әскери есепке қою мақсатымен әскер қатарына шақыру участкелерінде есепке алуға, әскер қатарына шақыру жасындағы боз балаларды есепке алуға бағытталған әскер қатарына шақыруды ұйымдастыру және жүргізу бойынша шараларды өткізуге.

      «Қорғаныс»  саласына шығындар 2023-2025 жылдарға  құрады

                                                                                                                    мың теңге

Атауы

2023 жыл

 

2024 жыл

 

2025

жыл

 

Барлығы

10 406,9

9 489

10 094

Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар  

7 168,9

7 251

7 856

Аудан  ауқымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою

1 872

1 872

1 872

Аудандық (қалалық) ауқымдағы дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендерде өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шаралар

1 366

366

366

           

      Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметті  

      Аталған функционалдық топ бойынша шығындар жол белгілерін орнату және ауыстыру бойынша шараларға қарастырылды.

         Осы  салаға  шығындар 2023-2025 жылдарға  құрады:

                                                                                                                              мың теңге

Атауы

2023 жыл

 

2024 жыл

 

2025 жыл

 

Барлық

1 352,8

0,0

0,0

Елді мекендерде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету

1 352,8

0,0

0,0

 

      Әлеуметтік блок (әлеуметтік сала)

Әлеуметтік блокқа аудан бюджетінің шығындары өзіне 2 функционалдық топты қосады: әлеуметтік қамту, әлеуметтік көмек және мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеністік.

2023-2025 жылдарға арналған аудан бюджетінің негізгі шығыс бөлігі

әлеуметтік саланы дамытуға кетеді, демек бюджет әлеуметтік бағытталған.

       Әлеуметтік қөмеқ және элеуметтік қамсыздандыру

        Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек саласында басты бағыттарының бірі болып өмір сапасын жақсарту, мүмкіндігі шектеулі адамдар қоғамында ықпалдандыру үшін жағдайлар жасау және қолдау табылады. .

          Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін және басқа мұқтаждарды, халықтың әлсіз қорғанған қабатын материалды қолдау – әлеуметтік мемлекеттік саясаттың басты басымдылығы.

Толығымен осы салаға 2023-2025 жылдарға арналған аудан бюджетінде 357 584,5 мың теңге қарастырылған (2023 жылы – 345 922 мың теңге, 2024 жылы – 121 710 мың теңге, 2025 жылы – 126 294 мың теңге).

Әлеуметтік қөмек және элеуметтік қамсыздандыру саласына  шығындар 2023-2025 жылдарға  құрады:

                                                                                                                               мың теңге

Атауы

357 584,5

 

2024 жыл

 

2025 жыл

 

Барлығы

272 308,5

280 045

280 816

Жергілікті деңгейде халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді   іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

40 537,9

42 589

43 153

Жұмыспен қамту бағдарламасы

49 817,9

119 617

119 617

Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринар мамандарына отын сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету

33 120

0

0

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтік көмек

24 160

3 774

3 404

Тұрғын үйге көмек көрсету

441

441

441

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек

33 606,4

25 878

25 878

Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету

605

605

605

Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу

375

375

375

Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету

3 815

3 815

3 815

Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмек, сурдотехникалық құралдар, тифлотехникалық құралдар, санаторий-курорттық емделу, мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, арнаулы жүрiп-тұру құралдары, жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектігі бар адамдарға қолмен көрсететiн тіл маманының қызметтері мен қамтамасыз ету

24 620,7

7 093

7 093

Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету

35 788,2

50 654

50 654

Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту

    217,4

0

0

Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы  трансферттер

  25 204

0

0

          Осы функционалды топқа жалпы сомасы 74 617,5 мың теңге трансферттер бөлінді, оның ішінде:

           облыстық бюджеттің трансферттер есебінен 74 617,5 мың теңге:

1)      Жеңілдікті жол жүруді қамтамасыз етуге

56

2)      Ауылдық жерде тұратын педагогтер үшін отын сатып алуға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге

33 120

3)      Мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға, оның ішінде:

14 232

протездік-ортопедиялық бұйымдарға

1 556

сурдотехникалық құралдарға

134

тифлотехникалық құралдарға

     1 844

санаторлы-курорттық емдеуге

 

2 963

жұмыспен қамтылған халыққа көшуде қиындықтары бар бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды алып жүру бойынша қызметтер көрсететін жеке көмекшілерді ауыстыруға

2 000

міндетті гигиеналық құралдарға

5 735

4)      Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығару күнін мерекелеуге Ауған соғысы

ардагерлеріне біржолғы әлеуметтік көмек көрсетуге

2 846,3

5)      Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге:

18 926

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге

15 094

балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакетке

3 832

Басқа мемлекеттердің аумағында соғыс қимылдарының ардагерлеріне біржолғы әлеуметтік көмек көрсетуге

138

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан адамдарға біржолғы әлеуметтік көмек көрсетуге

331,2

Басқа мемлекеттер аумағындағы жауынгерлік іс-қимыл ардагерлеріне санаторий-курорттық емделуге жұмсалған шығындарды өтеуге

4 968

 

        

 

         Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік                                            

         Мәдениет саласы қызметінің негізгі міндеттері барлық жас санаттағы аудан халқының рухани сұранысын қанағаттандыру болып табылады, өсіп келе жатқан ұрпақты эстетикалық және рухани тәрбиелеу, ауданның ұлттық дәстүрлерін және мәдениетін сақтау. 2023 жылы осы іс шараларға 706 761,4 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған.

          Толығымен,   мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік саласына 2023-2025 жылдарға арналған аудан бюджетінде 706 761,4 мың теңге қарастырылған (2023 жылы – 698 565,6 мың теңге, 2024 жыл – 479 336 мың теңге, 2025 жылы – 491 386 мың теңге).

          Осы салаға  шығындар 2023-2025 жылдарға  құрады:                                                                                                                                                         

                                                                                                                               мың теңге

Атауы

2023 жыл

 

2024 жыл

 

2025 жыл

 

Барлығы

734 491,1

479 336

491 386

Жергіліктті деңгейде ақпарат, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік сенімділігін қалыптастыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 

27 260,2

27 031

27 869

Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер

 

 

   7 725

 

 

7 725

7 725

Жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру

5 088,6

4 765

5 123

Жергілікті деңгейде мәденит, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

25 071,8

25 698

26 298

Мәдени-демалыс жұмысын қолдау

290 627,7

279 596

289 357

Аудандық (қалалық) кітапханалардың жұмыс істеуі

48 847

51 032

51 968

Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту

7 335,9

7 700

7 960

Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту

44 132

45 965

46 879

Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткізу

2 574

2 574

2 574

Әртүрлі спорт түрлері бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы

16 421

15 668

13 668

Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін сақтауды және оларға қол жетімділікті қамтамасыз ету

11 120,9

11 582

11 965

Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары

53 332

0

     0

Cпорт объектілерін дамыту

500

0

     0

Мәдениет объектілерін дамыту

185 223

0

0

     

      2023 жылға арналған осы салаға арналған шығындар көлеміне облыстық бюджеттен, сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер енгізілді, оның ішінде:

- Спасск ауылдық мәдениет үйінің ғимаратын күрделі жөндеуге 50 000 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер енгізілді.

- Сандықтау ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеуге 88 178 мың теңге.

 

          Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында негізгі стратегиялық бағыттары болып сумен қамту және су бұру жүйелерінің дамуы, үздіксіз электр және жылумен қамту, тұрғын үй-коммуналдық шараушылықты модернизациялау және дамыту анықталды.

Аудан бюджеті қаражатының есебінен көше желілерін, жарықтандыру, жөнделген көшелерді  орналастыру, ауданда сумен қамту және су тарту жүйесінің  қызметі бойынша іс шаралар қарастырылған.

 Осы салаға  шығындар 2023-2025 жылдарға  құрады:

                                                                                                                      мың теңге

Атауы

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

Барлығы

806 426,4

35 568

39 568

Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау

7 005,5

0,0

0,0

Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту

537 201,4

0,0

0,0

Сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеуі

38 561,9

2973

2973

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

595,0

595

595

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі жылу желілерін пайдалануды ұйымдастыру

194 262,6

32 000

36 000

Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін сатып алу

28 800

0,0

0,0

   2023 жылға арналған осы салаға арналған шығындар көлеміне республикалық бюджеттен 412 856 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттері енгізілді, оның ішінде:

Каменка ауылында су құбыры желілерін салуға

210 556

Белгород селосындағы су құбыры желілері мен ұңғымаларды реконструкциялауға

202 300

     Облыстық бюджеттен дамытуға 124 345,4 мың теңге сомасында, оның ішінде: 

Каменка ауылында су құбыры желілерін салуға

80 881,2

Белгород селосындағы су құбыры желілері мен ұңғымаларды реконструкциялауға

20 000

Новоромановка ауылында су құбыры желілері мен сорғы станцияларын (ұңғымаларды) салуға

23 464,2

 

          Ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, жер қатынастары, қоршаған ортаны қорғау.  

          «Ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, жер қатынастары, қоршаған ортаны қорғау» саласына шығындар 2023-2025 жылдарға  құрады:                                                                                                                                                                                                                             

                                                                                                                             мың теңге

Атауы

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

Барлығы

59 919,2

 

55 243

55 972

Мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды іске асыру

11 460

12 222

12 222

Ауыл шаруашылығы объектілерін дамыту

2 362,6

0,0

0,0

Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығын,  жер қатынастарын реттеу және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 

43 961,4

43 021

43 750

Аудандардың, облыстық маңызы бар, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң шекарасын белгiлеу кезiнде жүргiзiлетiн жерге орналастыру

2 134,8

0,0

0,0

         

          Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі    

          «Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» саласына шығындар 2023-2025 жылдарға  құрады                                                                                                                               

     мың теңге

Атауы

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

Барлығы

46 669,5

33 459

34 001

Жергілікті деңгейде құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер  

35 294,6

33 459

34 001

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

11 374,9

 

 

        

 

           Көлік және коммуникация

           Көлік және коммуникация саласындағы аудан бюджетінің шығындары аудандық маңызы бар және селолық елді мекендердін автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту бойынша іс шараларды қаржыландыруға бағытталатын болады. Істелген жұмыстар нәтижесінде  жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызды автомобиль жолдарының үлесі жақсаратын болады.

           Осы салаға  шығындар 2023-2025 жылдарға  құрады:

                                                                                                                    мың теңге

Атауы

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

Барлығы

373 302,5

4895

4895

Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

67 082

4895

4895

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу

306 220,5

0,0

0,0

2023 жылға арналған осы салаға арналған шығындар көлеміне облыстық бюджеттен 360 061 мың теңге сомасында нысаналы трансферттер енгізілді, оның ішінде:

0-18 км аудандық маңызы бар KC-SN-1 "Новоникольское ауылына кіреберіс" автомобиль жолын орташа жөндеуге

300 000

Белгород-Раздольное-аудан шекарасына дейін аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеуге

60 061

 

 

                 Басқалар

       «Басқалар» саласына  шығындар 2023-2025 жылдарға  табылады:

                                                                                                                      мың теңге

Атауы

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

Барлығы

88 178

17 897

21 682

"Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру

88 178

  0,0

    0,0

Ауданның жергілікті атқарушы органының резерві

0,0

17 897

21 682

        

        Трансферттер

      2023-2025 жылдарға арналған осы сала бойынша шығындар                                                                                                                        

                                                                                                                                  мың теңге

Атауы

2023

 жыл

2024 жыл

2025 жыл

Барлығы

362 548,2

349 221

460 719

Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару

44,1

0,0

0,0

Субвенциялар

309 834

349 221

460 719

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомасын қайтару

52 670,1

 

 

           

                     

2023-2025 жылдарға арналған жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер

                                                                                                                                мың теңге

Атауы

2023

жыл

2024

 жыл

2025

 жыл

Барлығы

2 879 350,8

726 451

802 970

Дамуға  нысаналы трансферттер

1 349 988,4

0

0

Ағымдағы нысаналы трансферттер

884 649,4

0

0

    Субвенциялар

644 713

726 451

802 970

    Бюджеттік кредиттер

31 050

0

0

 

2023 жылға арналған аудан бюджетінде қарастырылған іс шаралар  азаматтардың әлеуметтік қолдау деңгейін сақтағанда және ауданның одан әрі дамуына жағдай жасағанда, экономиканың және бюджет саласының тиімділігін жоғарлатқанда  барлық қолданыстағы міндеттемелерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

  1. Бюджет дефициті (профицит)

           Бюджеттің дефициті (профицит) сомасы – -89 257,9 мың теңге сома құрайды.

 

  1. YI. Дефицитті қаржыландыру (бюджет профицитін қолдану)

          Дефицитті қаржыландыру (бюджет профицитін қолдану) – 89 257,9 мың теңгені құрайды.

 

        

 

Дата публикации
13 сентября 2023