Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Ақмола облысы Сандықтау ауданы Балкашин ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының            1-тармағына сәйкес сайлау комиссиясының 2023 жылғы «4» маусымдағы Ақмола облысы Сандықтау ауданы Балкашин ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы хаттамасының негізінде Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақмола облысы Сандықтау ауданы Балкашино ауылында тұратын «Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, 1975 жылы туған Дырдикова Инна Владимировна Ақмола облысы Сандықтау ауданы Балкашин ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін.
  2. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сайланған әкімнің тіркелгені туралы хабарлама жариялансын.
  3. Тиісті куәлік берілсін.

 

Сандықтау аудандық сайлау комиссиясы

2023 жыл 6 маусым

Дата публикации
05 сентября 2023