Сандықтау ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

Сандықтау ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

 

 

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Сандықтау ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелері хостелдерді, қонақжайларды жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болған әрбір тәулік үшін 0,2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
17 августа 2023