Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Ақмола облысы Сандықтау ауданы Барақпай және Веселов ауылдық округтерінің сайланған әкімдерін тіркеуі туралы ХАБАРЛАМАСЫ

 Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

Ақмола облысы Сандықтау ауданы Барақпай және Веселов ауылдық округтерінің сайланған әкімдерін тіркеуі туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының            1-тармағына сәйкес сайлау комиссияларының 2023 жылғы «13» тамыздағы Ақмола облысы Сандықтау ауданы Барақпай және Веселов ауылдық округтері әкімдерінің сайлау қорытындылары туралы хаттамаларының негізінде Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақмола облысы Сандықтау ауданы Барақпай ауылында тұратын «Барақпай ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ бас маманы, 1985 жылы туған Ковальчукова Елена Григорьевна Ақмола облысы Сандықтау ауданы Барақпай ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін.
  2. 1963 жылы туған, уақытша жұмыс істемейтін, Ақмола облысы Көкшетау қаласында тұратын Тайгушанов Серғазы Сатыбалдыұлы Ақмола облысы Сандықтау ауданы Веселов ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін.

 

Сандықтау аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
15 августа 2023