ХАБАРЛАМА

2023 жылғы 13 тамызда екі сайлау округі бойынша Сандықтау ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

Сандықтау аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Сандықтау ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:

Барақпай сайлау округі

Барақпай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 188 азамат енгізілді, олардың 96% дауыс берді.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Н.М.Бадигова– 9,0%; Е.И.Васильцова– 7,9%; Е.Г.Ковальчукова– 83,1%.

Барақпай ауылдық округінің әкімі болып, 1985 жылы туған, «Барақпай ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ бас маманы Елена Григорьевна Ковальчукова  сайланды, Барақпай ауылдық округінің Барақпай ауылында тұрады, AMANAT партиясы ұсынған.

 

Веселов сайлау округі

Веселов ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 539 азамат енгізілді, олардың 87% дауыс берді.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

А.А.Жүсіпов– 9,4%; Е.Н.Котенко – 8,1%; С.С.Тайгушанов – 82,5%.

Веселов ауылдық округінің әкімі болып 1963 жылы туған, уақытша жұмыс істемейтін Тайгушанов Серғазы Сатыбалдыұлы сайланды, Көкшетау қаласында тұрады, AMANAT партиясы ұсынған.

Сандықтау аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
14 августа 2023