Сандықтау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № А-2/42 «Сандықтау ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулының 1-қосымшада 6, 18, 35-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Барақпай ауылы Ыбырай Алтынсарин көшесі 31, «Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Барақпай ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы»;
«18. Байдалы ауылы Балуан Шолақ көшесі 4, Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі жанындағы «Балкашин аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жанындағы Веселое ауылдық Мәдениет үйі ғимаратының сол жағында»;
«35. Маралды ауылы Қаскен Баймышев көшесі 1, «Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Маралды орман шаруашылығы мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама-қарсы»;
көрсетілген қаулының 1-қосымшасындағы 8, 16-тармақтар алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 1 қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін жаңа редакцияда жазылсын:
«Сандықтау ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «26» ақпандағы
№ А-2/42 қаулысына
қосымша».
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛДІ»
Сандықтау аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясы