Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының әкімге кандидат тіркеу туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ақмола облысы Сандықтау ауданы Барақпай ауылдық округінің әкіміне кандидат етіп тіркеді:
Бадигова Надежда Михайловна, 1978 жылы туған, «Лесной ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ бас маманы, Лесной ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.
Васильцова Евгения Ивановна, 1973 жылы туған, «Сандықтау ауданы әкімі аппараты» ММ персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы, Максимовка ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.
Сандықтау аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы
2023 жылғы 21 шілде