Сандықтау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 16/3 «Сандықтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тіртібін айкындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жоба

 

 

 

 

 

 

Сандықтау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 16/3 «Сандықтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тіртібін айкындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

 

         Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1.   Сандықтау аудандық мәслихатының «Сандықтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2022 жылғы 20 сәуірдегі №16/3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №27797 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

         көрсетілген шешімге қосымшада:

         1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

         «1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Сандықтау ауданында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

         кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

         коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;

         мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

         Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 10 (он) пайыз мөлшерінде.

         Аз қамтылған отбасының (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

Дата публикации
12 июля 2023