2023 жылғы 13 тамызға тағайындалған Ақмола облысы Сандықтау ауданы Барақпай және Веселов ауылдық округтері әкімдерінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Сандықтау аудандық

аумақтық сайлау

комиссиясының

2023 жылғы 5 шілдедегі

№51/3 қаулысымен

бекітілген

 

 

2023 жылғы 13 тамызға тағайындалған Ақмола облысы Сандықтау ауданы Барақпай және Веселов ауылдық округтері әкімдерінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

күнтізбелік жоспары

 

1. Сандықтау ауданы Барақпай және Веселов ауылдық округтері әкімдерінің (бұдан әрі – әкім) кезектен тыс сайлауын тағайындау.

                      Аудандық сайлау комиссиясы

                      2023 жылғы 5 шілде

                                                                                                (3-б.113-1)

 

2. Тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау округтерінің тізімін олардың шекараларын және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, жариялау.

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей-

2023 жылғы 15 шілдеден  кешіктірмей

                                                                                                    ( 22-б.2-т.)

 

3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей-

2023 жылғы 15 шілдеден кешіктірмей

                                                                                               (13-б.4-т.)

 

4. Бұқаралық ақпарат құралдарында учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын жариялау

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен

кешіктірмей - 2023 жылғы 20 шілдеден кешіктірмей

                                                                                                     (17-б.2-т.)

 

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Аудан әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күн

ішінде

- 2023 жылғы 20 шілдеден кешіктірмей

                                                                                                        (23-б. 5-т.)

6. Әкім болуға кандидаттарды ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар - өз мүшелері арасынан, азаматтар өзін-өзі ұсыну тәртібімен әкім болуға кандидат ретінде дауысқа түсу ниеті туралы тиісті сайлау округінің аумақтық сайлау комиссиясына өтініш беру арқылы, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталатын күнге екеуден аз кандидат ұсынылса, жоғары тұрған әкім жүргізеді. Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалғаннан кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.  

2023 жылғы 6 шілдеден басталып, 2023 жылғы

18 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

                                                                     (113-3-б.1-т., 5-т.)

 

 

        7. Әкім болуға кандитардар сайлану үшін осы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, (бұдан әрі-Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және  мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

 

 

 

Аудандық сайлау комиссиясы

                                                                            (113-2 б.) 

         8. Әкімге кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Әкімге кандидаттың сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі белгіленген күннен бастап

                                                (8-1 т.) 14-бап, 31-бап)

 

9. Әкімге кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен қолдау үшін қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

Аудандық сайлау комиссиясы

Кандидат Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күн мерзімде

                                                                                                   (113-4 бап)

 

10. Әкімге кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

Құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырыпаудандық сайлау комиссиясы

Тиісті сайлау комиссияларына өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған азаматтардан қол қою парақтарын тапсырғаннан кейін үш күн мерзімде.

                                                                                         (8-т., 113-4-б. 9-т.)

 

 

11. Жергілікті атқарушы органдардың шотына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу (2023 жылғы 1 қаңтарға ұсынылған әрбір кандидат үшін 70000 теңге).

Әкімге, саяси партиялар ұсынған кандидаттар

Кандидат тіркелгенге дейін

                                    

                                                                                             (113-5-б. 2-т.)

 

12. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және нысанда тұрғылықты жері бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну (2023 жылғы 1 наурызға).

Кандидат және оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

                                                                                                  (113-5-б. 3-т.)

 

13. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

Мемлекеттік кірістер органы

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

                                                                                                (113-5-б. 3-т.)

 

14. Әкімге кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

Аудандық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күніне жиырма күн қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

Барлық қажетті құжаттарды алған күннен басталады және 2023 жылғы 23 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

                                                                                                       (113-5 бап)

 

 

15. Әкімге кандидаттарды тіркеу туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейінгі бесінші күннен кешіктірмей

                                                                                                  (113-5-б. 9-т.)

 

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау және оларды жарақтандыру

Жергілікті атқарушы орган және аудандық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

2023 жылғы 22 шілдеге дейін

                                                                                                       (28-б. 6-т.)

 

17. Сайлау алдындағы үгіт жүргізу

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады

2023 жылғы 23 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2023 жылғы 12 тамызда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

                                                                                                      (27-б. 2-т.)

 

18. Әкімге кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірілген адамдарының сайлаушылармен бөлінген үй-жайларда кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Жергілікті атқарушы орган және аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгіт жүргізу кезеңінде

                                                                                                       (28-б. 4-т.)

 

 

19. Акт бойынша сайлау комиссиясына сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылар тізімін ұсыну

Аудан әкімі

Дауыс беру басталғанға дейін жиырма күн бұрын

2023 жылғы 23 шілдеге дейін

                                                                                                     (24-б. 5-т.)

20. Сайлау учаскесі бойынша сайлаушылар тізімін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда

2023 жылғы 29 шілдеден бастап

                                                                                                  (26-б. 1-т.)

 

21. Дауыс беру күні, уақыты және орны туралы сайлаушыларды хабардар ету

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беру өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірмей

                                         2023 жылғы 3 тамызға дейін

                                                                                (5-т.т.) 18-б., 38-б. 2-т.)

 

 

22. Учаскелік сайлау комиссиясының дауыс беруі үшін сайлау бюллетеньдерін жеткізу

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кемінде үш күн бұрын және бір күннен кешіктірмей

2023 жылғы 10 тамыздан ерте емес және

2023 жылғы 12 тамыздан кешіктірмей

                                                                                                      (37-б. 3-т.)

 

 

23. Дауыс беру үшін сайлау учаскесін ашу және тиісті хаттама жасау

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын

2023 жылғы 13 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де

                                                                                                  (40-б. 1-т.)

 

24. Дауыс беруді өткізу

Учаскелік сайлау комиссиясы

Сайлау күні жергілікті уақыт бойынша сағат

07.00-ден 20.00-ге дейін

                                                               (38-б. 1-т.)

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкімді сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасау

Учаскелік сайлау комиссиясы

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де    

басталады

                                                           (8-т.) 18-б., 43-б.)

26. Сайлау учаскесінің үй-жайында жалпыға бірдей танысу үшін арнайы белгіленген жерде дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін іліп қою

Учаскелік сайлау комиссиясы

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

                                                                      (43-б. 8-т.)

27. Сайлау учаскесінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы аудандық сайлау комиссиясына ұсыну

Учаскелік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

                                                              (113-8-б. 1-т.)

 

 

28. Әкімді сайлау қорытындыларын белгілеу

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2023 жылғы 15 тамыздан кешіктірмей

                 

                                                                                            (113-10-б. 1-т.)

 

29. Бұқаралық ақпарат құралдарында әкімді сайлау қорытындылары туралы хабарламаны жариялау

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2023 жылғы 20 тамыздан кешіктірмей

                                                      (44-бап, 4-т, 3-т.т.)

 

30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімнен жеті күн мерзімде Конституцияға және сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесіне сәйкес келмейтін міндеттерді өзінен қосу туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін.

2023 жылғы 20 тамыздан кешіктірмей

                                                                  (45-бап, 46-б. 3-т., 113-11-б. 1-т.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескерту: күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер беріледі.

Дата публикации
05 июля 2023