«Сандықтау ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қойылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшерін айқындау туралы» Сандықтау ауданы әкімдігінің бірлескен қаулысының және Сандықтау аудандық мәслихатының шешімінің жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
«Сандықтау ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қойылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшерін айқындау туралы» Сандықтау ауданы әкімдігінің бірлескен қаулысының және Сандықтау аудандық мәслихатының шешімінің жобасы (бұдан әрi-жоба) Қазақстан Республикасы Жер кодексі 43-1-бабының 2-1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6, 31-баптарына сәйкес әзiрлендi.
Жария талқылауларды өткізу мерзімдері 2023 жылғы 15 мамырдан бастап 29 мамырға дейін.
Жоба жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14558986