2023-2025 жылдарға Сандықтау ауданының арналған азаматтық бюджет
(бекітілген)
1-параграф. Бюджеттік процесінің қысқаша сипаттамасы
2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджетті қалыптастыру Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 590 Жарлығымен бекітілген жаңа бюджеттік саясат тұжырымдамасында айқындалған тәсілдерге негізделді.
Аудандық бюджет шығыстардың Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын ескере отырып, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне сәйкес қалыптастырылды.
Осы Бюджет кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) бюджет - мемлекеттің өз міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры;
2) бюджет жүйесi – бюджеттердiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттiк процестер мен қатынастардың жиынтығы;
3) бюджет қаражаты – мемлекеттiк меншiкке түсуі және жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiң ақшасы мен өзге де активтерi;
4) бюджет қаражатын алушылар – бюджет қаражатын бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi арқылы алатын және оны бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;
5) бюджет процесi – мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген, бюджеттi жоспарлау, қарау, бекiту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есептілікті, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу, мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау, бюджеттiк мониторинг және нәтижелердi бағалау жөнiндегi қызметi;
6) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;
7) бюджеттік қатынастар - бюджет процесінде туындайтын қатынастар;
8) бюджеттік операциялар - бюджетті атқару процесінде жүзеге асырылатын операциялар;
9) есепті қаржы жылы - жоспарлы кезеңнің ағымдағы қаржы жылының алдындағы жыл;
10) жоспарлы кезең - ағымдағы қаржы жылынан кейінгі үш қаржы жылы;
11) кезекті қаржы жылы - ағымдағы қаржы жылынан кейінгі жыл;
12) қаржы жылы - бюджеттің атқарылуы жүзеге асырылатын, күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталып 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңі;
13) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган - тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында функцияларды жүзеге асыратын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
14) бекітілген бюджет - Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат бекіткен бюджет;
15) нақтыланған бюджет - атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат қабылдаған өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, бекітілген бюджет;
16) бюджет тапшылығы (профициті) кірістер мен шығындар, таза бюджеттік кредиттеу және қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо арасындағы айырмаға тең. Теріс белгісімен алынған шама - бюджет тапшылығы, оң белгімен алынғаны - бюджет профициті болып табылады;
17) бюджет тапшылығын қаржыландыру қарыз алу және бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабу жолымен қамтамасыз етіледі.
Бюджет процесінде республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар болып табылады.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің және мәслихатының аппараттары, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі уәкілеттік берген атқарушы органдар аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып табылады.
Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің аппараттары осы әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері болып табылады.
1.2. Бюджет процессінің сызбасы
1) әлеуметтік-экономикалық даму болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мен елдегі жағдай және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы ескеріле отырып, жылжымалы негiзде бес жылдық кезеңге арналып жыл сайын әзiрленедi:
2) бюджеттік өтінім шығыстар көлемін негіздеу үшін кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жасайтын құжаттардың жиынтығы болып табылады;
3) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы аумақты дамытудың тиісті бағдарламасында айқындалған мақсаттармен, нысаналы индикаторлармен не мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктермен өзара байланысты жергілікті бюджет шығыстарының бағытын айқындайды.
4) тиісті қаржы жылы ішінде бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жергілікті бюджеттердің көрсеткіштерін өзгерту жергілікті бюджеттерді нақтылау болып табылады.
Аудандық бюджетті оның атқарылуы барысында нақтылау осы Кодекске сәйкес тиісті жергілікті атқарушы органның және (немесе) мәслихат депутаттарының ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады. Аудандық бюджетті нақтылау жөніндегі ұсыныстарды тиісті бюджет комиссиясы қарайды.
5) Секвестр бюджет қаражатының шығыстарын белгілі бір шектерде қысқартуды көздейтін арнайы тетікті білдіреді, ол республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару кезінде бекітілген түсімдер республикалық және жергілікті бюджеттерге толық түспеуі салдарынан бекітілген бюджеттік бағдарламаларды толық көлемде қаржыландыру мүмкін болмаған жағдайларда енгізіледі.
6) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жергілікті атқарушы органдардың қаулылары, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің шешімдері және өзге де нормативтік құқықтық актілері негізінде түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, кезекті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы бекітілген (нақтыланған) бюджеттің көрсеткіштерін өзгерту бюджетті түзету болып табылады.
7) міндеттемелердің уақтылы қабылданбау, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдердің уақтылы жүргізілмеу себептерін анықтау, бюджет түсімдері мен шығыстарының атқарылу болжамдарын жасау мақсатында жүзеге асырылатын бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін тұрақты және жүйелі жинау, бақылап отыру және талдау бюджеттік мониторинг болып табылады.
8) бухгалтерлік есепке алу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен және есепке алу саясатымен регламенттелген мемлекеттік мекемелердің операциялары туралы ақпаратты жинаудың, тіркеудің және жинақтаудың тәртіпке келтірілген жүйесін білдіреді;
9) Қаржылық есептілік мемлекеттік мекеменің қаржылық жағдайы және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпаратты білдіреді;
10) есепті қаржы жылындағы бюджеттің - ауданның бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей есепті қаржы жылындағы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен бірге әкімдікке, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
2-параграф. Бюджетті жоспарлау, бекіту, нақтылау
Қазақстан Республикасының «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңымен 2023 жылдың 1 қантардағы орнатылды:
Түсімдер
2023 жылы ауданның меншікті кірісі 874 147 мың теңгені, 2024 жылы – 894 844 мың теңгені, 2025 жылы 956 964 мың теңгені құрайды.
Жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттерді есепке ала отырып, 2023 жылда аудан бюджетіне түсімдер көлемі 3 190 633 мың теңге көлемінде жоспарланды, оның ішіндегі 644 713 мың теңге субвенцияларға және нысаналы трансферттерге – 1 702 805 мың теңге.
мың теңге
|
Түсімдер |
2023 жыл (жоспар) |
2024 жыл (жоспар) |
2025 жыл (жоспар) |
|
Барлығы: кірістер |
3 190 633 |
1 621 295 |
1 759 934 |
|
Салықтық түсімдер, оның ішінде: |
853 789 |
874 449 |
936 531 |
|
Табыс салығы |
213 661 |
213 661 |
228 312 |
|
Әлеуметтік салық |
454 257 |
474 496 |
521 497 |
|
Мулікке салынатын салықтар |
73 970 |
73 970 |
73 970 |
|
Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар |
108 501 |
108 822 |
109 152 |
|
Заңдық маңызы бар әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер |
3 400 |
3 500 |
3 600 |
|
Салықтық емес түсімдер |
13 376 |
13 395 |
13 433 |
|
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер |
7 000 |
7 000 |
7 000 |
|
Трансферттер түсімдері, оның ішінде: |
2 316 468 |
726 451 |
802 970 |
|
Ағымдағы нысаналы трансферттер |
888 141 |
0,0 |
0,0 |
|
Дамуға нысаналы трансферттер |
783 614 |
0,0 |
0 |
|
Субвенция |
644 713 |
726 451 |
802 970 |
|
Бюджеттік кредиттерді өтеу |
19 213 |
0 |
0 |
|
Қарыздар түсімі |
31 050 |
0 |
0 |
Жалпы сипаттағы (субвенциялар) трансферттердің көлемі – 2023 жылға 644 713 мың теңгені, 2024 жылға – 726 451 мың теңгені, 2025 жылға – 802 970 мың теңгені құрады.
2023-2025 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі саясаты аудан экономикасының тиімді дамуын көтеру үшін жағдайлар жасаумен бірге мемлекетпен кепілденген міндеттерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау болып табылады. Сонымен бірге әлеуметтік сала дамуының негізгі шығысын қарастыратын шығындардың әлеуметтік домнанты сақталғанын атап өту керек. Барлық бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлері толық көлемде қаржылай қаражатпен қамтылған (еңбекақыны, коммуналдық қызметтерді төлеу, әлеуметтік төлемдер ескерілген).
2023 жылға аудан бюджетінің шығын көлемінде жалпы сомасы 1 702 805 мың теңге болатын мақсатты нысаналы трансферттер көзделген, оның ішінде:
1 096 674 мың теңге облыстық бюджеттен;
606 131 мың теңге республикалық бюджеттен.
Аудан бюджетінің шығындар 3 268 051,7 мың теңге сомасында қарастырылған.
2023-2025 жылдарға бектілген бюджет құрады
мың теңге
|
Функционалдық топтар бойынша |
2023 жыл |
2024жыл |
2025 жыл |
|
Барлығы |
3 268 051,7 |
1 621 295 |
1 759 934 |
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер |
736 100,4 |
325 907 |
330 566 |
|
Қорғаныс |
10 108,9 |
9 489 |
10 094 |
|
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі |
1 355,0 |
628 |
628 |
|
Әлеуметтік көмек және элеуметтік қамсыздандыру |
346 424,0 |
280 045 |
280 816 |
|
Тұрғын үй-қоммуналдық шаруашылық |
605 991,5 |
35 568 |
39 568 |
|
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік |
698 565,6 |
479 336 |
491 386 |
|
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары |
59 524,5 |
55 243 |
55 972 |
|
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі |
37 992,6 |
33 459 |
34 001 |
|
Көлік және комуникация |
370 593,7 |
4 895 |
4 895 |
|
Басқалар |
9 224,5 |
17 897 |
21 682 |
|
Борышқа қызмет көрсету |
29 625 |
29 607 |
29 607 |
|
Трансферттер |
362 546 |
349 221 |
460 719 |
|
Бюджеттік кредиттер |
31 050 |
0 |
0 |
|
Бюджеттік кредиттерді өтеу |
19 213 |
0 |
0 |
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер
Аудандық бюджеттің шығындары саласында мемлекеттік қызмет көрсету және ұстауға бағытталған жергілікті атқарушы органдардың (аудан әкімінің аппараты, аудандық мәслихат, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары, экономика және қаржы бөлімі, ТҮКШ бөлімі, кәсіпкерлік бөлімі).
«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» саласына шығындар 2023-2025 жылдарға құрады
мың теңге
|
Атауы |
2023 жыл
|
2024 жыл
|
2025 жыл
|
|
Барлығы |
736 100,4 |
325 907 |
330 566 |
|
Мәслихатының аппараты |
41 254,4 |
41 231 |
41 987 |
|
Аудан әкімінің аппараты |
167 847,0 |
140620 |
143357 |
|
Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
448 326,6 |
23097 |
24264 |
|
Ауданның экономика және қаржы бөлімі |
78 672,4 |
58363 |
82687 |
2023 жылға арналған осы салаға арналған шығындар көлеміне облыстық бюджеттен 411 904,0 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер енгізілді, оның ішінде:
Сандықтау ауданы Лесное ауылының кентішілік жолдарын асфальтбетон жабындысымен орташа жөндеуге 60 000,0 мың теңге;
Сандықтау ауданы Лесное ауылында көпфункционалды алаң орнатуға 37 731,0 мың теңге;
Сандықтау ауданы Приозерное ауылында көпфункционалды алаң орнатуға 37 641,0 мың теңге;
Сандықтау ауданы Балкашин ауылдық округінің Балкашино ауылында көпфункционалды алаң орнатуға 13 747,0 мың теңге;
Сандықтау ауданы Балқаш ауылдық округінің Балкашино ауылының тротуарларын орташа жөндеуге 72 785,0 мың теңге;
Сандықтау ауданы Петровка ауылының көше-жол желісін орташа жөндеуге 100 000,0 мың теңге;
Сандықтау ауданы Балкашино ауылындағы Некрасов көшесіндегі жолдарды орташа жөндеуге 40 000,0 мың теңге;
Сандықтау ауданы Балкашино ауылының тротуарларын орташа жөндеуге 50 000 мың теңге.
Қорғаныс
Аталған функционалдық топ бойынша шағындар әскери есепке қою мақсатымен әскер қатарына шақыру участкелерінде есепке алуға, әскер қатарына шақыру жасындағы боз балаларды есепке алуға бағытталған әскер қатарына шақыруды ұйымдастыру және жүргізу бойынша шараларды өткізуге.
«Қорғаныс» саласына шығындар 2023-2025 жылдарға құрады
мың теңге
|
Атауы |
2023 жыл
|
2024 жыл
|
2025 жыл
|
|
Барлығы |
10 108,9 |
9 489 |
10 094 |
|
Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар |
6 870,9 |
7 251 |
7 856 |
|
Аудан ауқымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою |
1 872 |
1 872 |
1 872 |
|
Аудандық (қалалық) ауқымдағы дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендерде өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шаралар |
1 366 |
366 |
366 |
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметті
Аталған функционалдық топ бойынша шығындар жол белгілерін орнату және ауыстыру бойынша шараларға қарастырылды.
Осы салаға шығындар 2023-2025 жылдарға құрады:
мың теңге
|
Атауы |
2023 жыл
|
2024 жыл
|
2025 жыл
|
|
Барлық |
1 355,0 |
0,0 |
0,0 |
|
Елді мекендерде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету |
1 355,0 |
0,0 |
0,0 |
Әлеуметтік блок (әлеуметтік сала)
Әлеуметтік блокқа аудан бюджетінің шығындары өзіне 2 функционалдық топты қосады: әлеуметтік қамту, әлеуметтік көмек және мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеністік.
2023-2025 жылдарға арналған аудан бюджетінің негізгі шығыс бөлігі
әлеуметтік саланы дамытуға кетеді, демек бюджет әлеуметтік бағытталған.
Әлеуметтік қөмеқ және элеуметтік қамсыздандыру
Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек саласында басты бағыттарының бірі болып өмір сапасын жақсарту, мүмкіндігі шектеулі адамдар қоғамында ықпалдандыру үшін жағдайлар жасау және қолдау табылады. .
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін және басқа мұқтаждарды, халықтың әлсіз қорғанған қабатын материалды қолдау – әлеуметтік мемлекеттік саясаттың басты басымдылығы.
Толығымен осы салаға 2023-2025 жылдарға арналған аудан бюджетінде 345 922 мың теңге қарастырылған (2023 жылы – 346 424,0 мың теңге, 2024 жылы – 121 710 мың теңге, 2025 жылы – 126 294 мың теңге).
Әлеуметтік қөмек және элеуметтік қамсыздандыру саласына шығындар 2023-2025 жылдарға құрады:
мың теңге
|
Атауы |
2023 жыл
|
2024 жыл
|
2025 жыл
|
|
Барлығы |
346 424 |
280 045 |
280 816 |
|
Жергілікті деңгейде халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер |
42 278,9 |
42 589 |
43 153 |
|
Жұмыспен қамту бағдарламасы |
118 462 |
119 617 |
119 617 |
|
Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринар мамандарына отын сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету |
29 857 |
0 |
0 |
|
Мемлекеттiк атаулы әлеуметтік көмек |
22 700 |
3 774 |
3 404 |
|
Тұрғын үйге көмек көрсету |
441 |
441 |
441 |
|
Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек |
29 039 |
25 878 |
25 878 |
|
Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету |
605 |
605 |
605 |
|
Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу |
375 |
375 |
375 |
|
Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету |
3 815 |
3 815 |
3 815 |
|
Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмек, сурдотехникалық құралдар, тифлотехникалық құралдар, санаторий-курорттық емделу, мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, арнаулы жүрiп-тұру құралдары, жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектігі бар адамдарға қолмен көрсететiн тіл маманының қызметтері мен қамтамасыз ету |
21 620,7 |
7 093 |
7 093 |
|
Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету |
50 654 |
50 654 |
50 654 |
|
Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялау |
1 035
|
0 |
0 |
|
Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту |
217,4 |
0 |
0 |
|
Біліктілік жүйесін дамыту |
120 |
0 |
0 |
|
Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер |
25 204 |
0 |
0 |
Осы функционалды топқа жалпы сомасы 66 176 мың теңге трансферттер бөлінді, оның ішінде:
облыстық бюджеттің трансферттер есебінен 66 176 мың теңге:
|
1) Жеңілдікті жол жүруді қамтамасыз етуге |
56 |
|
2) Ауылдық жерде тұратын педагогтер үшін отын сатып алуға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге |
29 857 |
|
3) Мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға, оның ішінде: |
14 232 |
|
протездік-ортопедиялық бұйымдарға |
1 556 |
|
сурдотехникалық құралдарға |
134 |
|
тифлотехникалық құралдарға |
1 844 |
|
санаторлы-курорттық емдеуге
|
2 963 |
|
жұмыспен қамтылған халыққа көшуде қиындықтары бар бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды алып жүру бойынша қызметтер көрсететін жеке көмекшілерді ауыстыруға |
2 000 |
|
міндетті гигиеналық құралдарға |
5 735 |
|
4) Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығару күнін мерекелеуге Ауған соғысы ардагерлеріне біржолғы әлеуметтік көмек көрсетуге |
3 105 |
|
5) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге: |
18 926 |
|
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге |
15 094 |
|
балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакетке |
3 832 |
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік
Мәдениет саласы қызметінің негізгі міндеттері барлық жас санаттағы аудан халқының рухани сұранысын қанағаттандыру болып табылады, өсіп келе жатқан ұрпақты эстетикалық және рухани тәрбиелеу, ауданның ұлттық дәстүрлерін және мәдениетін сақтау. 2023 жылы осы іс шараларға 698 565,6 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған.
Толығымен, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік саласына 2023-2025 жылдарға арналған аудан бюджетінде 698 565,6 мың теңге қарастырылған (2023 жылы – 698 565,6 мың теңге, 2024 жыл – 479 336 мың теңге, 2025 жылы – 491 386 мың теңге).
Осы салаға шығындар 2023-2025 жылдарға құрады:
мың теңге
|
Атауы |
2023 жыл
|
2024 жыл
|
2025 жыл
|
|
Барлығы |
698 565,6 |
479 336 |
491 386 |
|
Жергіліктті деңгейде ақпарат, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік сенімділігін қалыптастыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер |
28 370,2 |
27 031 |
27 869 |
|
Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер |
7 725
|
7 725 |
7 725 |
|
Жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру |
5 088,6 |
4 765 |
5 123 |
|
Жергілікті деңгейде мәденит, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер |
25 071,8 |
25 698 |
26 298 |
|
Мәдени-демалыс жұмысын қолдау |
267 970 |
279 596 |
289 357 |
|
Аудандық (қалалық) кітапханалардың жұмыс істеуі |
47 369,2 |
51 032 |
51 968 |
|
Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту |
7 699,9 |
7 700 |
7 960 |
|
Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту |
43 932 |
45 965 |
46 879 |
|
Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткізу |
2 574 |
2 574 |
2 574 |
|
Әртүрлі спорт түрлері бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы |
16 421 |
15 668 |
13 668 |
|
Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін сақтауды және оларға қол жетімділікті қамтамасыз ету |
11 120,9 |
11 582 |
11 965 |
|
Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары |
50 000 |
0 |
0 |
|
Мәдениет объектілерін дамыту |
185 223 |
0 |
0 |
2023 жылға арналған осы салаға арналған шығындар көлеміне облыстық бюджеттен Спасск ауылдық мәдениет үйінің ғимаратын күрделі жөндеуге 50 000 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер енгізілді.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында негізгі стратегиялық бағыттары болып сумен қамту және су бұру жүйелерінің дамуы, үздіксіз электр және жылумен қамту, тұрғын үй-коммуналдық шараушылықты модернизациялау және дамыту анықталды.
Аудан бюджеті қаражатының есебінен көше желілерін, жарықтандыру, жөнделген көшелерді орналастыру, ауданда сумен қамту және су тарту жүйесінің қызметі бойынша іс шаралар қарастырылған.
Осы салаға шығындар 2023-2025 жылдарға құрады:
мың теңге
|
Атауы |
2023 жыл |
2024 жыл |
2025 жыл |
|
Барлығы |
605 991,5 |
35 568 |
39 568 |
|
Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау |
7 005,5 |
0,0 |
0,0 |
|
Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту |
598 391 |
0,0 |
0,0 |
|
Сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеуі |
0,0 |
2973 |
2973 |
|
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету |
595,0 |
595 |
595 |
|
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі жылу желілерін пайдалануды ұйымдастыру |
0 |
32 000 |
36 000 |
2023 жылға арналған осы салаға арналған шығындар көлеміне республикалық бюджеттен 575 081 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттері енгізілді, оның ішінде:
|
Каменка ауылында су құбыры желілерін салуға |
218 332 |
|
Новоромановка ауылында су құбыры желілері мен сорғы станцияларын (ұңғымаларды) салуға |
154 449 |
|
Белгород селосындағы су құбыры желілері мен ұңғымаларды реконструкциялауға |
202 300 |
Облыстық бюджеттен дамытуға 23 310 мың теңге сомасында, оның ішінде:
|
Каменка ауылында су құбыры желілерін салуға |
3 310 |
|
Белгород селосындағы су құбыры желілері мен ұңғымаларды реконструкциялауға |
20 000 |
Ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, жер қатынастары, қоршаған ортаны қорғау.
«Ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, жер қатынастары, қоршаған ортаны қорғау» саласына шығындар 2023-2025 жылдарға құрады:
мың теңге
|
Атауы |
2023 жыл |
2024 жыл |
2025 жыл |
|
Барлығы |
55 083 |
55 243 |
55 972 |
|
Мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды іске асыру |
12 222 |
12 222 |
12 222 |
|
Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығын, жер қатынастарын реттеу және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер |
42 861 |
43 021 |
43 750 |
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
«Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» саласына шығындар 2023-2025 жылдарға құрады
мың теңге
|
Атауы |
2023 жыл |
2024 жыл |
2025 жыл |
|
Барлығы |
37 992,6 |
33 459 |
34 001 |
|
Жергілікті деңгейде құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер |
32 992,6 |
33 459 |
34 001 |
|
Мемлекеттік органның күрделі шығыстары |
5 000 |
|
|
Көлік және коммуникация
Көлік және коммуникация саласындағы аудан бюджетінің шығындары аудандық маңызы бар және селолық елді мекендердін автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту бойынша іс шараларды қаржыландыруға бағытталатын болады. Істелген жұмыстар нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызды автомобиль жолдарының үлесі жақсаратын болады.
Осы салаға шығындар 2023-2025 жылдарға құрады:
мың теңге
|
Атауы |
2023 жыл |
2024 жыл |
2025 жыл |
|
Барлығы |
370 593,7 |
4895 |
4895 |
|
Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету |
7 021 |
4895 |
4895 |
|
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу |
363 572,7 |
0,0 |
0,0 |
2023 жылға арналған осы салаға арналған шығындар көлеміне облыстық бюджеттен 360 061 мың теңге сомасында нысаналы трансферттер енгізілді, оның ішінде:
|
0-18 км аудандық маңызы бар KC-SN-1 "Новоникольское ауылына кіреберіс" автомобиль жолын орташа жөндеуге |
300 000 |
|
Белгород-Раздольное-аудан шекарасына дейін аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеуге |
60 061 |
Басқалар
«Басқалар» саласына шығындар 2023-2025 жылдарға табылады:
мың теңге
|
Атауы |
2023 жыл |
2024 жыл |
2025 жыл |
|
Барлығы |
9 224,5 |
17 897 |
21 682 |
|
Ауданның жергілікті атқарушы органының резерві |
9 224,5 |
17 897 |
21 682 |
Трансферттер
2023-2025 жылдарға арналған осы сала бойынша шығындар
мың теңге
|
Атауы |
2023 жыл |
2024 жыл |
2025 жыл |
|
Барлығы |
362 546 |
349 221 |
460 719 |
|
Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару |
44,1 |
0,0 |
0,0 |
|
Субвенциялар |
309 834 |
349 221 |
460 719 |
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомасын қайтару |
52 667,9 |
|
|
2023-2025 жылдарға арналған жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер
мың теңге
|
Атауы |
2023 жыл |
2024 жыл |
2025 жыл |
|
Барлығы |
2 316 468 |
726 451 |
802 970 |
|
Дамуға нысаналы трансферттер |
783 614 |
0 |
0 |
|
Ағымдағы нысаналы трансферттер |
888 141 |
0 |
0 |
|
Субвенциялар |
644 713 |
726 451 |
802 970 |
|
Бюджеттік кредиттер |
31 050 |
0 |
0 |
2023 жылға арналған аудан бюджетінде қарастырылған іс шаралар азаматтардың әлеуметтік қолдау деңгейін сақтағанда және ауданның одан әрі дамуына жағдай жасағанда, экономиканың және бюджет саласының тиімділігін жоғарлатқанда барлық қолданыстағы міндеттемелерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бюджеттің дефициті (профицит) сомасы – -89 255,7 мың теңге сома құрайды.
Дефицитті қаржыландыру (бюджет профицитін қолдану) – 89 255,7 мың теңгені құрайды.