Сандықтау ауданы Балкашино ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау округтерін құру туралы

Сандықтау ауданы Балкашино ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау округтерін құру туралы

 

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Сандықтау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Сандықтау ауданы Балкашино ауылдық округі шекараларында Балкашино ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау округі құрылсын.
  2. Сайлау округінің шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Сандықтау аудандық сайлау комиссиясының интернет бетінде және аудандық «Сандыктауский край» газетінде жариялансын.
Дата публикации
26 апреля 2023