Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Ақмола облысы Сандықтау ауданы Мәдениет ауылының сайланған әкімін тіркеу туралы ШЕШІМІ

Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

Ақмола облысы Сандықтау ауданы Мәдениет ауылының

сайланған әкімін тіркеу туралы

ШЕШІМІ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының            1-тармағына сәйкес сайлау комиссиясының 2023 жылғы «23» сәуірде өткізілген Ақмола облысы Сандықтау ауданы Каменск ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы хаттамасының негізінде Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Ақмола облысы Сандықтау ауданы Васильевка ауылында тұратын «Колос золотая Нива» ЖШС инженері, 1978 жылы туған Кәрімжанов Арман Нарбайұлы Ақмола облысы Сандықтау ауданы Мәдениет ауылының әкімі болып тіркелсін.
  2. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сайланған әкімнің тіркелгені туралы хабарлама жариялансын.
  3. Тиісті куәлік берілсін.

 

 

Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

2023 жылғы 24 сәуір

Дата публикации
25 апреля 2023