«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы тіркеді:
Ақмола облысы Сандықтау ауданы Каменск ауылдық округінің әкіміне кандидаттар:
Наталья Александровна Дерягина, 1980 жылы туған, «Сандықтау ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ сектор меңгерушісі, Балкашино ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған;
Руслан Дәулетбекұлы Жұманов, 1981 жылы туған, «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы, Балкашино ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған;
Людмила Павловна Сахнова, 1982 жылы туған, «Каменск ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ бас маманы, Каменка ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған;
Ақмола облысы Сандықтау ауданы Мәдениет ауылының әкіміне кандидаттар:
Арман Нарбайұлы Кәрімжанов, 1978 жылы туған, «Колос-Золотая Нива» ЖШС инженері, Васильевка ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған;
Денис Александрович Руди, 1981 жылы туған, «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ құжаттамалық қамтамасыз ету және қаржы-шаруашылық қызметі бөлімінің басшысы, Балкашино ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған;
Савиди Галина Константиновна, 1977 жылы туған, «Мәдениет ауылы әкімінің аппараты» КММ бас маманы, Балкашино ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған;