№3 бірмандаттық сайлау округі бойынша Сандықтау аудандық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясының хабарламасы

№3 бірмандаттық сайлау округі бойынша

Сандықтау аудандық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясының хабарламасы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес Сандықтау аудандық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі аудандық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 15 ақпанда №3 бір мандатты сайлау округі бойынша Сандықтау аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды тіркеді:

  1. Асаинова Ризагүл Қайратқызы - 2002 жылы туған, «Сандықтау ауданының жастар ісі жөніндегі жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының міндетін атқарушы, өзін-өзі ұсынумен ұсынылған,Балкашино ауылының тұрғыны.
  2. Вострикова Ксения Петровна - 1986 жылы туған, өзін-өзі ұсынумен ұсынылған, «Балкашинский коммунальщик» ЖШС директоры, Балкашино ауылының тұрғыны.

 

2023 жылғы 15 ақпан

Дата публикации
15 февраля 2023