№10 бірмандаттық сайлау округі бойынша Сандықтау аудандық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясының хабарламасы

№10 бірмандаттық сайлау округі бойынша

Сандықтау аудандық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясының хабарламасы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес Сандықтау аудандық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі аудандық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 8 ақпанда №10 бір мандатты сайлау округі бойынша Сандықтау аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды тіркеді:

  1. Горбунова Наталья Олеговна- 1979 жылы туған, өзін-өзі ұсынумен ұсынылған, «Сандықтау ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ, директордың орынбасары, Сандықтау ауылының тұрғыны.
  2. Ткаченко Наталья Николаевна- 1976 жылы туған, өзін-өзі ұсынумен ұсынылған, Сандықтау ауылдық мәдениет үйінің, мәдени-демалыс қызметі жөніндегі маманы, Сандықтау ауылының тұрғыны.

 

2023 жылғы 8 ақпан

Дата публикации
08 февраля 2023