Сандықтау аудандық мәслихатының депутаты Л. А. Ловягинаның өкілеттігін тоқтату туралы

Сандықтау аудандық мәслихатының депутаты Л. А. Ловягинаның өкілеттігін тоқтату туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14, 111-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 3-тармағының және 4-1-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. «АMANAT» партиясынан сайланған Сандықтау аудандық мәслихатының депутаты Лариса Александровна Ловягинаның «АMANAT» партиясы мүшесінің Жарғысы мен Әдеп кодексін бұзғаны үшін партиядан шығарылуына байланысты өкілеттігін жоғалту фактісін көрсететін шешім қабылдады .
  2. Мәслихат депутаты Лариса Александровна Ловягинаның куәлігі жарамсыз деп танылсын.
  3. Осы қаулы Сандықтау аудандық мәслихатына жіберілсін.
  4. Осы қаулы Сандықтау аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және жергілікті «Сандыктауский край» аудандық басылымында орналастырылсын.
  5. Осы қаулы оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық

сайлау комиссиясының төрайымы                                    С.Назарович

 

Аудандық

сайлау комиссиясының хатшысы                                      А.Тасмагамбетова

Дата публикации
30 декабря 2022