2022 жылы 16 қазанда Сандықтау ауданының
Сандықтау селолық округі әкімінің сайлауы бір округ бойынша өтті.
Сандықтау аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Сандықтау ауданының Сандықтау ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:
Сандықтау сайлау округі бойынша әкім сайлауы
Сандықтау селолық округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1094 азамат енгізілді, олардың 1000 дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 7, «Бәріне қарсымын» деген жол белгіленген – 32.
Әр кандидатқа берілген дауыстар:
Жүнісов Ф.А. – 929; Жүсіпов А.А. – 12; Шурманов Р.Қ. – 20.
Сандықтау селолық округінің әкімі болып Жүнісов Фархат Асқарұлы сайланды, 1984 жылы туған, «Сандықтау селолық округі әкімінің аппараты» КММ әкімі, Балкашино селолық округінің Балкашино ауылында тұрады, «AMANAT» партиясымен ұсынылған.