Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап шешті:
- 1. Ақмола облысы Сандықтау ауданы Сандықтау селолық округі әкіміне кандидат болып, 1984 жылы туған «Сандықтау селолық округі әкімінің аппараты» КММ әкімі, Балкашино селосында тұратын, «AMANAT партиясы» қоғамдық бірлестігінің Сандықтау аумақтық филиалымен ұсынылған Жүнісов Фархат Асқарұлы тіркелсін.
- Ақмола облысы Сандықтау ауданы Сандықтау селолық округіне әкіміне кандидат болып, 1989 жылы туған, «Балкашино селолық округі әкімінің аппараты» КММ бас маманы, Балкашино селосында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған Жүсіпов Алмас Асылханұлы тіркелсін.
- Ақмола облысы Сандықтау ауданы Сандықтау селолық округіне әкіміне кандидат болып, 1983 жылы туған, «Сандықтау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ бас маманы, Балкашино селосында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған Шурманов Руслан Қабидуллаұлы тіркелсін.
Сандықтау аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы 05.10.2022 жыл